Зат есім
Сыныбы: 2 | Күні | |||
Сабақтың тақырыбы: | Зат есім | |||
Мақсаты:
| Зат есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
| |||
Күтілетін нәтижелер:
| А. Зат есімге сұрақ қоюды біліп түсінеді. В. Зат есім тақырыбына байланысты түсінік толықтырады. С. Тақырып немесе сурет бойынша өз ойынан сөйлем құрайды.
| |||
Қажетті құрал-жабдықтар:
| Қазақ тілі. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова, 2013 ж «Алматыкітап» Әдістемелік құрал Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова. 2014 ж «Алматыкітап» дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, доп
| |||
Сабақ барысы: | ||||
Сабақ кезеңдері | Уақы-ты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
| 5 мин | Түстер арқылы топқа бөлемін. Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлері жазылған парақшаларды тарату. Алдыңғы сабақтарымызда қандай тараумен таныстық? «Серпілген сауал» әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіру. | Түстерге байланысты топқа бөлінеді. Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді және сұрақ қояды. | |
Тұсау кесер
| 7 мин | «Ойлан,бөліс» әдісі бойынша жаңа тақырыпты ашу. Зат есім дегеніміз не? Сабақтың табыс критерийлерін анықтау: А.Зат есім туралы біледі, түсінеді. В.Зат есімге сұрақ қоя алады, салыстырады. С.Берілген тақырып бойынша сөйлем құра алады.
| Оқушылар берілген ресурстағы тапсырмаларды жеке орындайды.. Жауаптарына қарай сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу. | |
Негізгі бөлім:
| 20 мин
| Зерттеушілік әңгіме: Ойлануға түрткі сұрақтар: Семантикалық кестеге қарап, қалай атар едіңіздер?
Оқулықтағы 1 жаттығуды оқып, «Жұптық әңгіме» әдісі бойынша талқылатуды ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс 2 жаттығу. Жеке жұмыс
Сергіту сәті
«Жұптасып — ойлан — бөліс» әдісі арқылы 3- жаттығуды орындату
| Сөзжұмбақ арқылы, тақырыбын қою
Топта,жұпта бір-біріне түсіндіріп талқылайды.
Жеке дәптерге орындау, Мәтінді оқып,мағынасына қарай мәтіннің басталуын таңдап, толықтырылған мәтінді көшіріп жазу
Жаттығуды жеке ойланып, жұпта талқылап, топта орындайды. | |
Қорытынды: | 5 мин
5 мин | «Бір айналым сөйлесу» әдісі арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан сөз құрату.
Топтардың жұмыстарын «Ыстық орындық» бойынша сабақты бекіту. | Әр топ тақырыпты таңдап алып сол тақырып бойынша әр оқушы сөйлем ойлап мәтін құрастырады.
| |
Рефлексия. | 3мин | «Көзіммен не көрдім?» «Құлағыммен не естідім?» «Денем арқылы не жасадым?»
| Балалар осы сұрақтар бойынша өз ойларын стикерге жазады. | |