Ананы сүй

Ананы сүй

Ардақ тұтар дара тұлға, гүл-ана,

Құдіреттің шеберлігін паш ететін басты айна.

Темірқазық жұлдызындай тіршіліктің мәйегі,

Ойға шуақ, бойға қуат дарытатын ұлы ана.

Сезімі терең дүние, көк жүзіндей тұңғиық,

Шұғыласын жан-жағына шаша түсер тең жиып.

Даналықтың бастауы да анада,

Жанкештілік, кемелдік те бір бойында тұр сиып.

Баурап алар тылсым күш бар анада,

Көңіліңді қорғасындай балқытатын дана да.

Қорған болар арыстандай отбасына айбатты,

Ананы сүй, ардақты оны, мәңгі қалсын санаңда.

Ерлікпенен  нәзіктіктің қос өрімі өрілген,

Бір бойынан мейірімнің мол шуағы төгілген.

Ұрпақтарын қанаттыға қақтырмай,

Амандығын тілеп өтер өмірден.

Бас иеді бүкіл ғалам болмысыңа ұлы ана,

Борыштар боп барша жандар ән жазады анаға.

Бар ғаламның сұлтаны боп қала бер,

Жаратылыс рухы да, жауһары да ұлы ана7