Етістік туралы түсінік. Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік. Дара және күрделі етістіктер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз таптары, етістік туралы түсінік, етістіктің
қүрамына қарай түрлері: негізгі және туынды етістіктер, қүрылысына қарай түрлері: дара
және күрделі етістіктер жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қал ыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, корытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жү_мыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

І.Сәлемдесу.

  1. Кезекші мәлімдемесі.

З.Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Етістік туралы түсінік. Дара және күрделі етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістік—заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т.б.) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң сен не істесең? деген сөздер заттық ұғымдағы сөздің (сен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп түр. Мүндай сөздер етістік деп аталады.

Етістік қүрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, т.б.

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жүрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп, т.б. деген етістік-тер: ойын, шеге, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жүрнақтары жапғану арқылы жасалған етістіктер.

Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жүрнақтар арқылы жасалады. ол жүрнақтар мыналар:

  • -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та, т.б.
  • -а, -е: ойн-а, бос-а, түн-е, т.б.
  • -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й, т.б.
  • -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р, т.б.
  • -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер, т.б.
  • -ық, -ік, -қ, -к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік, т.б.
  • -ыра, -іре,: жарқ-ыра, желб-іре, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орында-тамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 221-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.


Келесі тапсырма: 222-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Зат есімнен жасалған туынды етістіктерді тауып жазыңдар.

Міне, осылайша, жаңа такырыпты түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын орындап болған соң келесі жаңа тақырыпты түсіндіремін.

Дара етістік пен күрделі етістік.

Етістіктер қүрылысына карай дара етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден түратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Бү_л сөйлемдегі салғызды деген етістік дара етістік болып табылады. өйткені бүлар—бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер. әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, белгілі бір сүраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: жүрттар не істеді?—салғызды (баяндауыш)

Екі не одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сүраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Берілген сөйлемдегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?) деген—күрделі етістік. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (маңырау) білдіреді, бір сүраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.

Әдетте күрделі етістіктің қүрамындағы бірінші етістік негізгі болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, кейінгісі оған көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емесе, бірнешеу болуы да мүмкін. Негізгі етістік көбінесе көсемше түлғасында (барған екен, келген екен, т.б.) және есімше түлғасында (барған екен, келген екен, т.б.) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасына және қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен түлғаланып қолданыла береді. Мысалы: Үнсіз күліп түрған—бағанағы бала шәкірті.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 223-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып, мазмүнын қысқаша баяндап беріңдер. Күрделі етістіктердің қалай жасалып түрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырманы да ауызша түрде орындатамын: 224-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Мәтінді оқып, ат койыңдар. Дара, күрделі етістіктерді ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 226-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген есім сөздерге жүрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 225-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Күрделі
    етістіктің қүрамын анықтаңдар. Олардың қалай жасалғанын айтыңдар. Қожаның көршісіне
    мінездеме беріңдер.

227-жаттығу жүмысының шартын түсіндіремін: Берілген сөздердің қайсысы туынды етістік, қайсысы негізгі етістік екенін анықтаңдар.