8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Үйретерім көп қызым саған» аналар арасындағы сайыс

 

 

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған

«Үйретерім көп қызым саған»

 аналар арасындағы сайыс

 

 

Мерекеге сай безендірілген сахнада тігілген киіз үй жанында сырмақ тігіп әжесі, оны тамашалап немере қызы отырады.Баяу музыка ойнап тұрады

Немересі:-Әже деймін әже,

Сұрақ қойғым келеді сізге,

Мен түсінбейтін бір жәйт бар

Түсіндірші соны бізге.

Бірінші сұрағым сізге,

Дүниеде не қымбат?

Әжесі:-Адам қымбат қалқам.

Немересі:-Адамға не қымбат?

Әжесі:-Бала қымбат қалқам.

Немересі:-Балаға не қымбат?

Әжесі:-Ана қымбат қалқам.

Немересі:-Ия,десеңші әже!

Түсінбеппін осы жайды,

Тағы бір сұрағым бар сізге,

Қатты мен жұмсақ жайлы.

Әжесі:Сұрай ғой қалқам.

Сұрасаң жауап берейін.

Немересі:-Әже,дүниеде не тәтті?

Әжесі:-Ананың ақ сүті тәтті.

Немересі:-Дүниеде не қатты?

Әжесі:-Атаның жүрегі қатты.

Қарағым,сауал қойдың көп маған,

Бір ақыл айтайын саған.

Тату болса-ағайын жақын,

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың.

Немересі:-Түсіндім әже ,

Айтайыншы енді мен

«Дүниеде не қымбат екенін»

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт береке-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат,

Бәрінен де ұят пен ар қымбат!

Әжесі:-Дұрыс айтасың,ботақаным,

Ақылыңнан айналдым.

Үлкендердің тілін алып,

Тура жолдан таймағын.

Бауырмал болып әрқашан,

Үлкен-кіші барлығын,

Құрметтеп сыйлағын.

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:

Жыл басы –Наурыз мереке,

Нұрға әлем боянды.

Аналар тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

 

Құрметті ата-аналар,ұстаздар!

Көктеммен бірге келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын.Сіздерге ұзақ өмір,

Ақеркенің орындауындағы «Анаға сәлем» әні сіздерге арналады құрметті әжелер,ардақты аналар!

Ақтолқынның орындауындағы «Біз өмірдің гүліміз»әнін Анар апайға арнаймыз. Көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз мерекеңіз құтты болсын!

Бір топ бишілердің орындауындағы «Қуыршақ»биін Шәки апайға арнаймыз.Мерекеңіз құтты болсын Шәки апай.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар!

Көктеммен бірге келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған

«Үйретерім көп қызым саған»атты аналар арасындағы сайысты бастауға рұхсат етіңіздер.

 

Сіздерді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін;

  1. «Өзім туралы мәлімет»Таныстыру кезеңі.
  2. «Анашым саған арнаймын»Қыздары аналарына арнаған тақпақтарын айтып,сыйлық ұсынады.
  3. «Көзіңді жұм да таны»Анасы көзін жұмып тұрып,қолынан сипау арқылы қыздардың арасынан өз қызын танып алады.
  4. «Шебердің қолы алтын»Аналар ою ойып,қызымен бірге қағаз бетіне жапсырады.(өзі жасаған қолөнер бұйымдарын алып келіп,таныстыруға болады.)
  5. «Көктемге арналған сән үлгісі»Аналар қыздарына өздері жасаған сән үлгісін кигізіп сахнаға жетелеп бірге шығады.
  6. «Қазақтың ұлттық тағамы»Үйден ұлттық тағам жасап келіп,жасалу жолын айтып түсіндіреді.

Ал халайық ықыласпен демелік,

Аналардың сайыстарын көрелік.

Ақылы мен өнеріне қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік.

«Үйретерім көп қызым саған»атты аналар арасындағы сайысына қатысушы аналардың ақылдылығын,өнерін,шеберлігін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділқазылар алқасының төрайымы балабақша меңгерушісі Анар ханым.Мүшесі:балабақша әдіскері Шәки ханым.

Гүл көңілдер қуанышпен өрілді,

Көздерінен жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді-дей отырып сайысымыздың бірінші «Өзім туралы мәлімет»таныстыру кезеңіне кезек береміз.

Әділқазылар алқасы бірінші сайыстың бағасын беріңіздер.

Қамымды ойлар күн-түні,

Анам менің көктемім.

Ақтай алсам үмітін,

Арманыма жеткенім-дей отырып қыздарымыз аналарына арнаған тақпақтарын айта отырып,сыйлықтарын ұсынады.

 

Әділқазылар алқасы екінші сайыстың бағасын беріңіздер.

 

Айналайын ай қызым,

Мен қызымды танимын,

Сайысымыздың келесі кезеңінде«Көзіңді жұм да таны»анасы көзін жұмып тұрып,қолынан сипау арқылы қыздардың арасынан өз қызын танып алады.

Әділқазылар алқасы үшінші сайыстың бағасын беріңіздер.

Ал аналар халықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарың майысып,

Шеберлік көрсет халыққа-деп сайысымыздың төртінші кезеңі«Шебердің қолы алтын»аналар ою ойып,қызымен бірге қағаз бетіне жапсырады.(өзі жасаған қолөнер бұйымдарын алып келіп,таныстыруға болады.)

«Тайбурыл» тобының бишілерінің орындауында орыс халқының биі «Ромашка»тәрбиші апайлар сіздердің құрметтеріңізге  арналады. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Әділқазылар алқасы төртінші сайыстың бағасын беріңіздер.

Біз қазақпыз,өнерге бай жолы кең,

Сусындаған ақыл-білім нәрімен.

Арулардың талғамдарын байқайық,

Елдің көркі сұлу қыздар сәнімен.

Бесінші сайысымыз«Көктемге арналған сән үлгісі»аналар қыздарына өздері жасаған сән үлгісін кигізіп сахнаға жетелеп бірге шығады.