1946-1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер.

 

 
Сабақ тақырыбы:1946-1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер. 
Сабақ мақсаты:Қазақстандағы   әлеуметтік –демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын оқып үйрену. 
Күтілетін нәтиже:А. Қазақстандағы   әлеуметтік –демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын біледі.

В. Демография, этнография, табиғи өсім, депортация, халық миграциясы, эмиграция, диаспора және халық санағы ұғымдарын  ашады. Әр жылдардағы демографиялық дағдарыстың салдарын салыстырады.
С.Сол уақыттағы тарихи жағдайларға байланысты деректерді салыстырып, өзіндік көзқарасы негізінде талдау жасайды.

 
Дереккөздер, құрал-жабдықтарҚазақстан тарихы оқулығы 9 сынып Б,Ғ Аяған, М.Ж.Шәймерденова

Интерактивті тақта,ресурс парағы ,флипчарт, интернет материалдары, маркер, стикер, рефлексия  парақтары,бағалау ағашы.

 
Сабақ барысы: 
 Мұғалім  әрекетіоқушы әрекеті 
Кіріспе

 

-оқушылармен амандасу;

-сыныпты түгендеу;

-кезекшілік қызметін қадағалау;

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Мозайка» арқылы топқа 3 топқа бөлу.( 2 минут)

Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал!» әдісімен қайталау.Түрткі сұрақтар, қайта бағыттау. (8 минут)

1.Жаңаөзенде әлеуметтік қайшылыққа байланысты тәртіпсізідік қашан болды?

2.Жаңаөзендегі қозғалыстың себебі неде?

3.Жаңаөзендегі қақтығыс қалай тоқтатылды?

4. 1989 ж шілдесінде жұмысылардың бас көтеруі өткен қала?

5.1989 ж Қарағанды шахтерлерінің ереуілінде қандай жаңа талаптар қабылданды?

6. 1989 ж шілдесінде Қарағанды кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келеген Қазақстанның басшысы?

7.Қарағанды кеншілерінің үкімет алдына қойған талаптары туралы не ойлайсындар?

 

2 тапсырма. Венн диаграммасын толықтыр.

1. Жаңаөзен , Қарағандыдағы ереуілдердің ұқсастығы неде?

2.Айырмашылығы неде?

ЖаңаөзенҰқсастығы                Қарағанды
   
— мұғаліммен    сәлемдесу;

— кезекшілік қызметін атқару;

— сабаққа зер салу;

 

 

 

Топқа бөліну.

 

 

Мұғалім лақтырған қапты ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді,  жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік береді.

Формативті бағалау: ынталандырушы сөздер арқылы сенім білдіру, қол соғып-қолпаштау.

 
ТұсаукесерВидеоролик арқылы жаңа сабақты мағынасын ашу. (5 минут)

-Оқушылар бұл бейнежазбадан не байқадыңыздар?

-Халықтың өсімін зерттейтін ғылымды қалай атаймыз?

Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

1946-1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер.

Жоспары:

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер

2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.

3. Қазіргі демографиялық үдерістер.

Оқушылар бейнежазбаны қарап, ой бөліседі, өздерінің пікірлерін айтады. Тақырыпты және сабақтан күтілетін нәтижені анықтап алады

 

 
Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Топтық таныстырылым»  әдісі. (15 минут)

(постер қорғау).Жоспар бойынша 3 топқа

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер

2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.

3. Қазіргі демографиялық үдерістер тақырыптарын меңгерту мақсатында тапсырма

беріледі.Оқулықтан, қосымша ресурс парақтарынан мәліметтерді оқиды. Топпен ақылдаса отырып, топ ішінде талқылап, постерге түсіреді. Әр топ өз жұмыстарын  аяқтаған соң берілген уақыт бойынша қорғап шығады.

2. тапсырма. Топтар арасында жұмыс, пікір алмасу, АКТ

пайдалану.«Депортация, Тың игеру кезінде Қазақстанға қоныс аударған халықтардың  өмірі » тақырыбында суреттер көрсетіледі.  ( 5 минут)

Сұрақ :

1.Не көріп, не сезіп, не ойладың?

2) Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?

3) Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?

 

Тапсырманы жеке оқу, топпен талдау, постер жасау, қорғау.

«Бағдаршам» арқылы өзара топтық бағалау.

Әр топ өздерінің қолжеткізген табыстарын ортаға салып, басқа топтармен бөліске салады. Тақырыпта қаралған өзекті мәселелердің негізгі мәнін ашып, түсіндіреді. Ортақ ой- тұжырым шығарады..

 
Қорытынды1тапсырма. Сәйкестендіру тесті.( Термин сөздермен жұмыс.)

(7 минут)

1Демографиятұрғылықты орын ауыстыруға

байланысты адамдардың қоныс аударуы.

2Депортацияхалықтың санының құрамы мен құрылымын және өсімін зерттейтін ғылым
3Халық миграциясымемлекеттен халықты мәжбүрлеп шығару
4Эмиграцияадамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде

тұратын бөлігі

5Диаспораазаматтардың өз елінен басқа елге саяси,

экономикалық, т.б себептерге байланысты

тұрақты өмір сүруі үшін кетуі

 

 

 

 

2 тапсырма. Семантикалық карта. ( Хронологиямен жұмыс.)

 1970ж1954-1962 ж.ж1989 ж1991 ж1990 ж2013ж2009ж1999 ж
Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам көшіп келді        
Қазақстан халқының саны 13 млн адамға жетті        
Қазақстанда халық саны 16,2 млн адамды құрады        
Демографиялық дамуының ерекшелігі халықтың абсолттік санының өзгеруі        
Шет елдерде жүрген қазақтар атажұртына орала бастады        
Қазақстан тұрғындарының саны 14952 420 адамды құрады        
ҚР халқының саны 16009,6 мың адамды құрады        
Қазақстан халқының саны 17 млн адамға жетті        

Сабақты қорытындылай отырып, оқушылардың сабақтан алған әсерімен бөлісу.Рефлексия ( 3 минут)

Бүгінгі сабақта мен мынаны білемінБүгінгі сабақта менің тиімді ойлауыма мынадай ….себептер болдыБүгін мен үшін түсініксіз болды
   

 

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, статистикалық мәліметтер жинақтау, М.Тәтімов реферат.

Сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты меңгереді

Топтық бағалау.

Өзін-өзі бағалау.