Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы

Мақсаты:Жыл мезгілдерінң ауысуы,жердің күнді айналуына қатысты екенін түсіндіру.Күн мен түннің ауысуы жердің өз білігінен айналуына қатыстылығы туралы білімін қайталау.

Оқушылыардың өзіндік пікір алмасуға,ойлау жүйесін,шығармашылық танымын өрбіту ,білімге деген қызығүшылығын арттыру.

Не арқылы бағаланады?

Б-кестесі,ой-қозғау,географиялық диктант,электронды оқулық,Тірек-сызба,жобаны қорғау.

Нәтижесі:Күнделікті табиғат құбылыстары туралы жете түсінік алады.Өзіндік пікір қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды.

Уақыт өлшем бірліктерін жете ұғынады

Көрнекіліктер:АКТ,Глобус,майшам

Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу,математика

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ,аралас сабақ

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту.

Дүниетану жер шары,

Дүниетану ел шары.

Табиғатты зерттейтін,

Білімнің төл кітабы.

Жер-адамзат панасы,

Күн-табиғат анасы.

Тіршілік көзін сақтайық,

Бұл өмірдің талабы.

Сонау,сонау алысқа,

Жүзсің десең кемелер.

Тылсым сырлы ғарышқа,

Ұшсың десең денелер.

Жасау үшін бәрінде,

Дүниетану пәнінде,

Ең маңызды ғылым бұл.

Сондықтанда,сондықтанда

Ғылымның тілін біл!

Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Ең алғаш ғарышқа саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді.Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Біз оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймыз.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады. Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты.Сондықтан балалар аспан әлемі туралы білгілерің келе ме?                                                                                                      -Балалардың жауабы.                                                                                                                                                –Олай болса, қазір Байқоңырдан  ғарышқа ұшамыз!Ол үшін не керек?                                           -Скафандр!                                                                                                                                       -Скафандрларыңызды киіңіз!                                                                                                          -Құп болады!                                                                                                                                        -Белдіктеріңізді тағыңыз!                                                                                                                               -Құп болады!                                                                                                                                    -Ұшуға әзірміз бе?                                                                                                                                   -Бәрі бірге 5,4,3,2,1,0!                                                                                                                               -Старт!отырыңыздар!                                                                                                                                    -Біздер  өзіміздің галактикадамыз! Біздің галактика қалай аталады?                                                    –Құс жолы                                                                                                                                             –Ал Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?                                                                                         8 ғаламшар                                                                                                                                                    -Күн жүйесіне жақын ғаламшар қалай аталады?                                                                       -Меркурий.                                                                                                                                       — Онда Меркурий  аялдамасына тоқтайық. Меркурий туралы не білеміз? Меркуриий  туралы  мәлімет(Ақбота)                                                                                                          Осы аялдамада үй тапсырмасын орындаймыз.Егер дұрыс орындасақ,әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жер-ғарыштық дене тарауын қайталау.

Географиялық диктант
1. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт………. сағатқа тең. (24)n
2. Жер өз осінен айналуының нәтижесінде……….. мен………. ауысады. (күн, түн)n
3. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл  үлгісі…….. (Глобус деп аталады.)n
4. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта……….. жүргізіледі.. (экватор сызығы)n
5. Жердің жасанды серігі алғаш рет…………ұшырылды. (1957 ж 4қазанда)n
6. Күннің диаметрі Жер диаметрінен …………екенін анықтады.. (109 есе үлкен)n
7. Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып,……….галактикаға кіреді.

( «Құс жолы» деп аталатын)n
8.Жер күн жүйесінде…………. орналасқан(үшінші орында)

9.Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин …жылы…..сәуірде Жерді айналып шықты.1961ж 12 сәуір

Б-кестесін толтыру.-Балалар, өткен тақырыпты есімізге түсірейік.

Аспан денелері туралы  не білеміз?

 

БілемінБілгім келедіБілдім
   
   

 

 

 

 

Мағынаны тану.

Келесі аялдама-Күн жүйесінің орталығы-Күннің айналасына келдік.Күн туралы не білеміз?

Күн туралы мәлімет.Исатай

-Балалар ,Күнді неге тіршілік көзі дейміз?

Балалардың жауабы. (Жарық және жылу береді).

-Күн Жерге жарық пен жылуды бірдей бере ме?

-Балалардың жауабы.Жоқ

-Неге? Дәлелде.

Тәжірибе.Шамшырақты жақ, глобусты өз білігінен айналдыры отырып,өзін шамның айналасынан айналдыр.

-Не байқадың?

-Балалардың жауабы.

Демек,тұжырым жасайық.Жер Күнді айналғандықтан күннің жылуы жер бетіне әркелкі тарайды екен.Соның әсерінен бір жерде салқын,яғни қыс,бір жерде  ыссы ,яғни жаз,бір жерде жылы көктем,бір жерде қоңыр салқын күз мезгілдерін қалыптастырады екен.

-Олай болса,Жер өз білігінен айналып қоймай,Күнді айналып шығады екен.Жер Күнді айналып жүргендіктен,Жердің әртүрлі бөліктері,жарық пен жылуды көп немесе аз алады,бұл жыл мезгілдерін қалыптастырады.Сондықтан  бүгінгі біздің тақырыбымыз  «Жер Күнді айналуы.Жыл мезгілдердің ауысуы».Дәптермен жұмыс.Бүгінгі тақырыпты жазу.

Б-кестесінің ІІ-ші бағанына жазу.

БілемінБілгім келедіБілдім
Жердің өз білігінен айналғандықтан,күн мен түннің ауысуын білемізЖер Күнді  айналуы Жыл мезгілдерінің ауысуы.

 

 
   

Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген  ұлы поляк ғалымы Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,

Жерді айнала қозғалады деді. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды.

-Енді балалар,сендерге толық түсінікті болу үшін электронды оқулықтан Жердің күнді қалай айналатындығы және жыл мезгілдерінің ауысуы туралы ақпаратты тыңдайық.

Оқулықпен жұмыс.Тақырыпты бір оқып шығайық.

 

-Сонымен жер орбитасы деген не?Жердің Күнді айналып өтетін жолы Жер орбитасы деп аталады.

Жыл мезгілдерінің ауысуы немен байланысты?Жер Күнді айналғанда оның бетінің әр бөлігіне күн сәулесінің түсу бұрышы және түсу уақытының ұзақтығына байланысты.

3.Поляр күні мен поляр түні қалай орнайды?Жер Күнге солтүстік  полюс жағымен қарап  және күн көкжиектен биік орналасса,күн сәулелері солтүстік  жартышарды түгел қамтиды.Сәулелері тік және ұзақ уақыт түседі.Солтүстік полюс маңында тәулік бойы күн күн батпай қояды,яғни поляр күні орнайды.

-Поляр түні деп сол кезде оңтүстік жартышарға күнсәулесі көлбеу түседі және түсетін уақыты да азырақ.Оңтүстік полюс маңында біраз уақыт күн шықпай қояды да,поляр түні орнайды.

Осы жылы ақпан айы неше күннен тұрады?Неліктен?Себебі Жер Күнді 365 күн 6 сағатта айналып шығады.Бірақ есепке ыңғайлы болу үшін бір жылда 365 күн бар деп алынады.Сондықтан да жыл сайын есепке кірмей қалған 6сағат 4 жылда 24 сағатты,яғни 1тәулікті құрайды.Бұл күн  4жыл сайын ақпан айында қосылып отырады.Сондықтан осы жылы ақпан 28-нен бітеді.1 тәулікке толған жоқ.

Келесі аялдама Шолпан аялдамасы.Шолпан туралы не білеміз?

Шолпан туралы мәлімет.Шолпанда уақытқа байланысты есеп шығарамыз.

17 ғ= 1700 ж                              270 мин= 4 сағ 30 мин

5ж=   60ай                                  7 мин=420 сек

6тәул=144  сағ                            2 жыл=    күн

Келесі аялдама -Сатурн.Сатурн туралы мәлімет.Шығармашылық әлеміне кезек берейік.Жыл мезгілдеріне қатысты Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Балалардың жауабы.

-кім өлеңін жатқа айтады?

-Айсұлу-Күз өлеңі,Аружан-Қыс өлеңі.Ал Уран,Нептун,Марс ғаламшарлары туралы не білеміз?Үйге жыл мезгілдері туралы эссе беріп едім.Айша,Жандос,Жаснұр.

Келесі аялдама –Юпитер.Сабақты бекіту.Б-кестесін толтыру.

 

БілемінБілгім келедіБілдім
Жердің өз білігінен айналғандықтан,күн мен түннің ауысуын білемізЖер Күнді қалай айналуын және жыл мезгілдерінің ауысуын

 

Жер орбитасы-Жердің Күнді айналу жолы екенін Жердің Күнді айналуынан жыл мезгілдері ауысуын білдік .Сонымен бірге Күннің сәулесінің түсу бұрышына,түсу уақытының ұзақтығына қатысты екенін білдік.Жердің Күнді айналу365 күн 6 сағатта айналып шығады.
   

 

Ой-толғаныс.Келесі Жер аялдамасы.Ал балалар Жерге қайтып оралдық, сендерге саяхат ұнады ма?

Олай болса, «Тіршіліктің анасы» атты жобаны қорғау,3-топқа бөлемін.І-ші топ Ай Айсұлу, ІІ-топ Күн Исатай,ІІІ-топ Жер Нұржан, Плакаттарға суретін салу.

Әр топ өз жұмысын қорғау.Тірек-сызба арқылы.

Жер-ананы қорғайық адамзат!

Адамның өміріне тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды өндірілуі, ауыл шаруашылығын индустрияландыру мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде. Адамның қоршаған ортаға әсері табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына себепші болды.
Таза болса табиғат –

Аман болар адамзат, —

деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

Үйге тапсырма.Шығыс елдері Жаңа жылды неліктен 22-наурызда мерекелейді?Мәтінді оқу