«Шәкәрімтану» үйірмесінің жоспары

 

 

«Шәкәрімтану» үйірмесінің жоспары

. Түсінік хат

      Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған қаламы жүйрік жазушы, заманы мен халқы жөнінде ой толғанған тарихшы, ойшыл философ, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердиевтің шығрамалары мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қолданатын баға жетпес құрал.

«Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағаның  қарап ал,

Мұрам сол,жастар,бергенім»,-деп тұжырымдай жырға қосқан Шәкәрім бүгін жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

Шәкәрім тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Тамаша ақынның кемеңгер ойшылдың, дарынды сазгердің өмірімен қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан үйірменің  басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді Шәкәрім өмірі, шығармашылығы арқылы тәрбиелеу, олардың Шәкәрім шығармаларын оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екені айтылған. Осы орайда Шәкәрімтану үйірмесін  жүргізудің қазақ әдебиеті пәні бойынша болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.Еліміздің адамзат тарихында алатын орны, әдет-ғұрпы, салт-санасы Шәкәрім шығармаларынан көрініс табады.

Бұл  үйірме екі аптада бір рет, барлығы-17 сағатқа жоспарланған. Үйірме  сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, саяхат сабақ т.б. Шәкәрім шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.

 

«Шәкәрімтану» үйірмесінің  мақсаты мен міндеті:

 

  1. Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
  2. Дамытушылық: Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету.Оқушылардың Шәкәрім өлеңдерін поэмаларын, аудармаларын талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  3. Тәрбиелік: Шәкәрім поэзиясының тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру,

еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Шәкәрім шығармаларының таралуын насихаттау.

 

Күтілетін нәтиже: «Шәкәрімтану» үйірмесі  бойынша балалар төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Шәкәрім өмірбаяны; Шәкәрім өмір сүрген ортасы; Шәкәрім туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер; Шәкәрім атасы Құнанбай туралы зерттеулер; Шәкәрім мұрасының рухани көздері; Шәкәрім және шығыс әдебиеті; шәкәрім жұмбақтары; Шәкәрімнің Пушкиннен, Толстойдан, Фзулиден аудармалары;Шәкәрім өлеңдеріне талдау жасай білу; Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық байланысы; Шәкәрімнің ойшылдығы; Шәкәрімнің сазгерлігі;

 

8сынып. «Шәкәрімтану» үйірмесінің тақырыпиық-күнтізбелік жоспары

Р/сСабақ тақырыбыСағат саныМерзімі Ескертпе
1Шәкәрімнің шыққан тегі, балалық шағы. Абайдың талантты шәкірті1  
2Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы. Шәкәрім лирикасы1  
3Шәкәрім және Шығыс поэзиясы. Шәкәрімнің ағартушылқ идеядағы өлеңдері1  
4Шәкәрім поэзиясындағы әділет ,ар тазалығы. Шәкәрімнің сөз өнерін бағалауы1  
5Шәкәрімнің саяси әлеуметтік лирикасы. Шәкәрімнің философиялық лирикасы. Шәкәрім поэзиясындағы еңбек тақырыбы1  
6Шәкәрім мысалдары1  
7Шәкәрім поэмалары . «Қалқаман-Мамыр» «Еңлік-Кебек»,  поэмасы1  
8«Нартайлақ-Айсұлу» . «Ләйлі-Мәжнүн»  поэмасы.1  
9Шәкәрім әндері1  
10Шәкәрім жұмбақтары1  
11Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ-Мария» романы1  
12«Шын бақтың айнасы» , «Байшешек бақшасы» прозасы1  
13Мәнді сөздер1  
14Шәкәрім аудармалары1  
15Шәкәрім және фольклер, Шәкәрім-тарихшы, ойшыл1  
16Шәкәрім және қолөнер.  Шәкәрім және салауатты өмір1  
17Мен таныған- Шәкәрім (ой толғау)1  

 

 

Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Шәкәрім шығармалары. «Жазушы» баспасы,1988ж
  2. Шәкәрім Құдайбердиев. Алматы 1989ж
  3. Шәкәрім «Қазақ айнасы», Алматы «Атамұра»,2003ж
  4. Шәкәрім «Жолсыз жаза» (өлеңдері мен шығармалары) құрастырған М.Мағауин, «Жалын»,1998ж
  5. Ш.Сәтпаева «Шәкәрім Құдайбердиев» А.1990ж
  6. Р.Нұрғалиев «Шәкәрім Құдайбердиев-ақын, тарихшы», Алматы,1988ж
  7. Б.Әбдіғазиев «Асыл арна»,А,1992 ж
  8. Қ.Мұхаметханов «Абайдың асыл шәкірттері»,А,1993ж
  9. Д.Сейсенұлы «Шәкәрім»,Астана,2007ж
  10. Ш.Құдайбердиев,А,1989ж

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары, Алматы, «Жазушы» баспасы,1988ж
  2. Поэты казахстана, Ленинград,1978ж
  3. Мұхаметжанов Қ. Шәкәрім. «Қазақ әдебиеті»,1988ж,15 сәуір
  4. М.Мағауин, «Шәкәрімнің шеберлігі», «Жұлдыз» баспасы,1988 ж,№10
  5. Сәтбаева Ш. « Шәкәрім», Қазақ ССР Ғылым академиясыныуң хабарлары, тіл, әдебиет сериясы,1988ж, №8
  6. Шәкәрімтану мәселелері 2-том, Алматы, 2007ж
  7. Шәкәрім Құдайбердиев (методикалық нұсқау) А,1989 ж
  8. Ж.Ахметова «Шәкәрім мен фольклор» «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №5,6,1998ж,87-93 бет
  9. Шәкәрім «Қазақ айнасы», А, «Атамұра»,2003ж

10.Шәкәрім «Жолсыз жаза», құрастырған М.Мағауин, «Жалын»,1998ж

11.Ғ.Есім «Ғашықтық», «Қазақстан» ұлттық энцикл,А,2001ж

  1. Р.Нұрғалиев «Шәкәрім Құдайбердиев-ақын, тарихшы», Алматы,1988ж

 

№12 ОМ бойынша 2014-2015 оқу жылында

«Шәкәрімтану» үйірмесіне қатысатын 8 -сынып оқушыларының  тізімі

 

Оқушының аты-жөніТуған күні, айы, жылыМекен-жайыБайланыс телефоны
1    
2    
3    
4    
5    
6    
7    
8    
9    
10    
11    
12    
13