ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалңмдерден көп шыығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.

Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп ойлаймын. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпын. Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр-пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:

-оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру; -оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;

-өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.

Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастыруға болады:

-жалпы түр-пішін;

-нақты түр-пішін.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады:

1) сыныптың барлық оқушыларына;

2) жеке топ оқушыларына;

3) әрбір оқушыға беріледі.

Дүниетануды оқыту әдістемесі пән педагогикалық ғылымдар саласына жатады. Себебі бұл пән  бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге  дайындайтын болғандықтан, олардың психологиялық, жеке бастық ерекшеліктеріне  сүйене отырып білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады.Дүниетану әдістемесі  басқа әдістемелік пәндер сияқты  алдыңғы қатарлы мұғалімдердің  озық тәжірибелеріне сүйенеді.  Сонымен қатар тиімді және  оқушылар белсенділігін көтеретін  жаңа технологияны қолдануды саралайды. Алдыңғы қатарлы  тәжірибелерді қолдану арқылы  мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады. [1]

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты түр-пішіндерінің бір-бірінен айырмашылығы оқушылардың алатын білім көздеріне байланысты анықталады. Мысалы, сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін. Мына ұсыныстар кейбір сұрақтар мен бастапқы нүктелерді қамтиды, топтарға осыларға қарап өзінің жеке ережелер жиынтығын келісу ұсынылуы мүмкін.

  1. Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді әзірлеу. Төменде ұсынылған әр түрлі негіз қалаушы ережелер оларды қабылдау немесе бейімдеу және басымдықтарды белгілеу үшін әрбір топқа арналған бастапқы нүкте ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Топтың топты құрайтын нақты адамдарға арналған ережелерді жасауға болады деп есептегені өте маңызды.
  2. Адалдық мәдениетін күшейту. Топтың табысты жұмысы шындыққа негізделеді. Топ мүшелері үшін өздері келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын қандай бір нәрсеге шыдау, олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады. Дегенмен оқушыларға адал болып, әдептілік сақтау қажеттігін ескерту керек.
  3. Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек.
  4. Ұжымдық жауапкершілік белгілеу. Мәселелер көтерілген соң және де толық талқыланғаннан кейін топ шешімі қабылданған соң, топтың алға қарай жылжуы үшін ұжымдық жауапкершілік туралы уағдаластықты қолдану керек. Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады. 5. Тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту маңызды екендігін атап көрсету. Адамдар бастапқыдан-ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы.
  5. Топтағы жұмысқа әрбір мүше атсалысуға тиісті. Топтағы жұмыс түрлі көзқарастарға байланысты. Топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ мүшелеріне өзінің пікірімен қоса, әркімнің пікірі құнды екенін көрсету керек.
  6. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуға тиіс.
  7. Топ мүшелерінің мықты жақтарын пайдалану өте пайдалы болу мүмкін. Міндеттер әрбір топ мүшесінің тәжірибесіне және біліміне сәйкес бөлінген жағдайда топ жұмысы өте тиімді болады.
  8. Алайда, топ тек мықты қатысушыларды ғана пайдаланбауға тиіс! Топтағы тапсырмалар дамытушы сипатта болуы мүмкін, яғни міндеттерді бөлу топ мүшелеріне өздерінің әлсіз жақтарына және жеткіліксіз тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік беретін мақсатты жағдай болуы мүмкін.
  9. Топ мүшелеріне жазбаларды сапалы жүргізу маңызды екендігін ұғуға көмектесіңіз. Оларды бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігі болсын. Бұл жоспарлау бойынша жазбалар, хаттамалар немесе топтық жұмыстың алға ілгерілеуін растаудың басқа да түрлері болуы мүмкін. Міндеттерді орындау және жазбаларды жүргізу бойынша топ жұмысын қорытындылауға жауапты адамдарды ауыстырып отырыңыз.
  10. Топ міндеттерінің мерзімдерін өзгертуге болмайды. Топтың табысты жұмысының «Сен қандай да бір нәрсені орындай алмауың мүмкін, бірақ топтың қандай да бір тапсырманы орындамауына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде көптеген елдердің білім беру бағдарламаларына оқытудың жаңа әдістері қосылуда. Солардың бірі балалардың өз бетімен істейтін топтық жұмысы болып табылады. Топ – мақсаты бір, бір- бірімен тең құқықыты, сыйлы, сыйласымды қарым- қатынас жасаушы адамдардың бірлестігі.

Бұл әдістің маңызы оның балалардың бойында: өзіне сенімділікті, шығармашылықты, жауапкершілікті, достастықты, ұжымда жұмыс істей білуді, мақсат бірлігін дамытуды көздейді. Бір ұжымдағы іс-әрекетке қатысушы әрбір адам сол топтың абыройын, намысын қорғауға міндетті. Топ пен жеке адамның мақсат мүддесі үйлесіп отырады. Жеке адамның адамгершілік қасиеттері айналасындағы адамдармен игі қарым – қатынас жасай білуі арқылы қалыптасады. [2]

Мысал үшін сабақ қоршаған ортаны қамқорлыққа алу туралы делік. Мұғалім балалардан шағын топтарға бөлінуін және берілген уақыт көлемінде екі тізім жасауын сұрайды. Бірінші тізімде олар табиғатқа зиян келтіретін біздің әрекеттерімізді ұжымдық түрде жазады, екіншісіне оны сақтауға және сауықтыруға бағытталған әрекеттерді ұсынады. Әр топтағы оқушылардың ішінен біреуі жазылғанды сыныптың алдында оқиды. Тізімдерді талқылауға және қорытынды жасауға болады.

Дүниетану пәнін өткізу кезінде оқушыларды топтық жұмыстарға тартуға тырыстым. Топтасу барысында әр оқушы қамтылды. Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, әрқайсысының пікірі құнды екенін білді. Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырады. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет  салса, біреуі өз ойын салуда болады. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінеді.

Мұғалім оқушылар үшін топтық қызметтің көп түрін тауып, ұйымдастыруға болады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Жеке жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», «Көп түкірсе, көл» т.б. мақалдар арқылы халық топтық іс-әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін ертеден – ақ дәлелдеген.

      Топтық шығарма.

Оқушылар шағын топтар құрайды. Мұғалім оқушылар әрі қарай жалғастыруы тиіс тақырып береді. Топтағылардың әрқайсысы нағыз қызық сюжет ойлап табуға тырысады, сол үшін бәрі де жұмысқа кіріседі. Бұдан басқа команданың ішінде міндеттер бөлісіледі. Біреу тексті жазып отырады, енді біреуі жазылғанды тақтаға іледі, енді біреуі шығарманы дауыстап оқиды.

Сүйіспеншілік сипаты.

Бірлескен қызметтің бұл түрі кіші жастағылармен тартымды болады. Оқушылардың әрқайсысы гүл жапырақ үлгісінде кесілген түсті қағаз парағын алады. Оларға балалар өздерінің ата-аналарына несімен ұқсас болғысы келетінін (немесе ертегі кейіпкерін мультфильмге не үшін жақсы көретінін) жазуы керек. Гүл жапырақтар гүл түрінде тақтаға (немесе қатты қалың қағазға) түйреліп қойылуы керек.

Тапсырманы өзгертуге болады. Жарқыраған күннің суретін салуға болады. Әр бөлікке олар әлем деген не екенін жазу үшін суретті бөліктерге бөледі (адамдар, малдар, өсімдіктер, өзендер, таулар, ормандар) содан соң сол бөліктерден бүкіл әлемді жылытып тұрған бір тұтас –Күнді құрастырады. Осындай топтық жұмыстарды түрліше ұйымдастыруға болады.

Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Бұнда өзімен өзі диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді. Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.

Топта жұмыс жасаудың ережелерін оқушылардың өздеріне плакатқа ойластырып жазуларын сұрайды. Барлық сабақтың кезінде бұл ереже көрінетін жерге ілулі тұрады. Ережені өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Мысалы, мынадай ереже тізімі:

1.Бір-бірін мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4.Мен – пікір;

5.«Тоқта» ережесі;

6.Ортақ пікірге келу;

7.Құпиялылық т.б.

Жалпы сыныпқа арналған тәртіп ережесін жасатуға да болады.

Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыста оқушылар:

-Өздігінен тапсырманы орындайды,

-топ мүшелерімен өз пікірін бөліседі, алмасады

-Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады
-Өз мүмкіндігін біледі
-Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады
-Назарын бақылай алады және алаңдамайды
-Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады
-Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады
-Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады
-Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады
-Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді
-Проблеманы шешуден ләззат алады
-Өзінің оқуын түйсіне бастайды
-Ойластырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды
-Қалай оқу керек екенін ұғынады
-Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды
-Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады.
 
 
 
 
 
 
      Бастауыш мектепте дүниетану пәнің негізінде сыныптан тыс саяхат сабағы ұйымдастырылады. Топ-серуен жұмысының мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру, оқушылардың білімін жалпылау және жүйелеу.

Бастауыш сынып оқушыларымен мұндай топ-серуендер ұйымдастыру мүмкіндіктері өте көп және алуан түрлі болып келеді. «Суды қорғау», «Ауыл байлығы», «Ауаның ластануы», «Жер-ғарыш денесі» т.б тақырыптар мысал бола алады.  Топ-серуен түрлері:
1) Табиғаттың ерекшеліктерін бақылау, зерттеу, дем алу;
2) Топ серуеннің нәтижесінен ерекше ләззат алу;
3) Мерекелік күндерде топ-серуен ұйымдастыру;
4) ауылдың  көрікті жерлерін аралау.

 
 
Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді. Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс. Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.[3]
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.
 
 
 
Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырады. Топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім аралығындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алу, ұстаз бен шәкірт белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу сабақтың тиімді өтуіне оң әсерін тигізеді.

Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшкен мектептер үшін іскер мұғалімдер қажет деген ойдамын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1. Сафина Н. Оқушы белсенділігін арттыру.          //  Бастауыш мектеп, 2003,
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. —     А.: Атамұра, 2002.

3. Махмутов М.И. және басқалар. Проблемалық оқыту. -М.: Педагогика, 1975. -240 б.