Болымды және болымсыз етістік.

Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Б.Блум таксономиясы, түсіндіру,сұрақ-жауап, көрнекі

ой қозғау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар,
Қолданған технология: Дамыта оқыту технологиясы,. АҚТ
Көрнекіліктер: суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу, өзін – өзі тану
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру .  Сыныпты  2 топқа бөлу.Топ жетекшілерін сайлау Бағалау парағы
1.Психологиялық дайындық

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

3.Сабақ кезеңдерімен таныстыру.

Б. Блум бойынша:

  1. Білім
  2. Түсінік
  3. Қолдану
  4. Талдау
  5. Жинақтау
  6. Бағалау

Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.

ІІ.Негізгі бөлім

Білім.

Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау
«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!»  (Екі топ топтасып жауап жазады)

 Етістік дегеніміз не?   Етістіктің түрлерін ата?

1-топ

  1. Дара етістік дегеніміз не?
  2. Күрделі  етістік дегеніміз не?

2-топ

  1. Негізгі етістік дегеніміз не?
  2. Туынды етістік дегеніміз не?  

   Түсінік.

Мақсаты:  Болымды және болымсыз етістіктерге түсінік беру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тапсырма: Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 Көркем жазу минуты

28- жаттығу     

ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ
КҮЛ – КҮЛМЕ

ТӨК – ТӨКПЕ
ЖАЗ – ЖАЗБА
БАР – БАРМА
ТАҚ – ТАҚПА
— Көшіріп жазу.  Қосымшалы етістіктерді талдау

 Неліктен олай топтадыңдар?

Бірінші қатар іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
— Екінші қатар іс — әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)

Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады..
Мысал: айт — айтпа, жаз — жазба, кет — кетпе, сөйле — сөйлеме, т..

 

Қолдану.

Мақсаты: Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.

Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.

 Өздік жұмыс(Бірін-бірі бағалау.)
29 — жаттығу
— Сөйлемдерді көшіріп жаз.
— Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын айт .

Топтық жұмыс

 «Кім шапшаң?»

30 — жаттығу
— Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса..
1 топ: Ал, аш, жап, сөйле
2 топ: шақыр, тарт, үз, үрле
— Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың

 Сергіту.

Талдау.

Мақсаты: Болымды және болымсыз  етістікті айыра білу

31 – жаттығу.   жатқа жазу
1-топ.       Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
2-топ.  Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан.
— Болымсыз етістіктердің астын сыз.
— Мақалдардың мәнін түсіндір.
32 — жаттығу
— Тыйым сөздерді оқы. Етістіктерді тауып, олардың болымды, болымсыз екенін айт.

1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды.
2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер.
4. Малды аяғыңмен теппе.

  1. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
    6. Кітапты таза ұста.
    7. Құстарға жемсауыт жаса.
    8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.
    Ойын:«Ойнап отыр, ойлап отыр»

Ойынның мақсаты: Баланың таным қабілетін, зейінін дамыту, шапшаң ойлауға үйрету.

Кеспе қағаздармен жұмыс. Әр оқушы алдына қағаздар тарату, кеспе қағазда берілген сөздердің ішінен Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр,  қорытынды жаса

Үйілген сұр төбешік күл ме?

Досыңды мұқатып күлме.

Көліктен секіріп түспе.

 Жылтыраған қызыл түс пе?

      Жинақтау

Мақсаты: болымды, болымсыз етістік туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау          

ЕтістікБолымды етістікБолымсыз етістік
жина  
оқы  
шашпа  
сыбырла   
ойнама  
бұзба  
кір  
оят  
баспа  
тазалама  

 Симантикалық карта

ЕтістікБолымды етістікБолымсыз етістік
сал  
қорықпа  
көтерме  
бояма  
отыр  
жасыр  
жүгір  
күзетпе  
Шаш  
алма  

     

1-Топ                                                                                                                              2-топ


Шығармашылық тапсырма:   «Әдепсіз балаға хат»  (әр топ бірігіп   хат  жазады.)
 Ой толғау:
Не үйрендік? Не білдік? «Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбасын толықтыру

дара                                     негізгі

күрделі          етістік           туынды

 

болымды              болымсыз

Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын.

Болымды етістік
— Іс — әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз етістіктер
— Іс —
әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді



Үйге тапсырма: 33– жаттығу. Ереже жаттау.