Уақыт — мезгіл пернесі

Уақыт  — мезгіл  пернесі

Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларға жастық шақтың  адам өмірінде шешуші кезең екендігін сезіндіру,уақытты бағалай білу, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашуға ықпал ету.

Міндеттері: 1. Оқушыларға  жастық жігерді білім алуға жұмсау, уақытты дұрыс пайдалануын маңызды екенін ұғындыру. 2. Оқушылардың  ерік-жігерін, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Өз өміріне,  ойы мен  сөзіне , ісі мен  әрекетіне  жауапкершілікпен қарауға, қара шаңырағын ұмытпай сыйлауға тәрбиелеу.

Құндылығы: дұрыс әрекет

Ресурстар:  Интерактивті тақта, А-4 парақтар, фломастерлер, оқулық,дәптер,стенд «Бақытты болашақ», видеоролик,компьютер.

 

Сабақ барысы:

  1. Амандасу, үш топқа бөліну.
  2. Тыныштық сәті (Нұрға бөлену) ; «Одинокий пастух» әуені қойылады.

Ыңғайланып  отырыңыздар,   денелеріңізді   түзу   ұстаңыздар.

Аяқ –қолдарыңызды айқастырмаңыз.  Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:  Күн нұры сіздің  төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Жүрегіңізде  гүл түйнегі орналасқан.  Гүлдің  түйнегі  нұрдан ақырын ашылып келеді. Сол керемет гүл сіздің  әр ойыңызды , әр сезіміңізді,

жүрегіңіздің  қауызын  да  ашады.

Оймен осы Нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Қолымыз  тек  жақсы, ізгі   істер істейді,  баршаға  жәрдемдеседі.

Одан әрі  Нүр сіздің  аузыңызға,  тіліңізге тарады. Тіліңіз  тек  шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана  айтады. Нұр  құлақтарымызға, көздерімізге  де жетті.

Сіздің  басыңыз  түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр  бірте-бірте қарқын және шұғылана байтайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп  жүрген  адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы Нұрды  жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осы қалыпта сақтаңыз. Енді көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

  1. \ Стендегі балалардың  суреттері бойынша  сабақтың тақырыбын  анықтаймыз.\

 

Мұғалім :

-Мына  суреттерге мұқият  қарап  шығыңыздаршы. Барлық  суреттерді  байланыстыратын  ортақ  нәрсе не?

 

  1. Үй жұмысы  \сұрақтарды талқылау, тыңдау\

 

1-топ:    Уақыт  — өмірдің  ең   негізгі  бағалы  нәрсесі!

2-топ:    Өмірді неге бағалау керек?

3-топ:   Фортуна  дегеніміз не? ! Өмірдің сәт- сапары!

 

  1. Шығармашылық жұмыс: СМС  арқылы пікірлесу, кітапты пайдалану.

\Топтар бір-біріне смс –сұрақтар жіберіп, өздеріне келген екі сұрақтарына   тақта алдында жауап береді\

 

  1. Мұғалімнің сыйы:

«Не  опаздайте»   деген  бейнефильмді   тамашалайды.

-Балалар, бұл  фильмнен қандай әсер алдыңдар, өздерің  қандай

ақыл-     кеңес  беруші  едіңдер?

\Оқушылар   топпен  3минуттық  эссе жазады.\

\Өз  ойларын   әр топтан  бір оқушы  қорғайды.\

 

7 . Қорытынды:

«Уақыт  -адам баласына берілген  өткінші бағалы зат.Уақыт  қайта оралып келмеді» ,- Конфуцций  деген  екен. Осыны қалай түсінуге болады?

Мұғалім : Біздің    осы сабағымыз  да, осы  сәтіміз де қайта оралып келмейтіні рас  және де  біздің оқушыларымыз  уақытты қалай бағалау керек екенін, өз жауаптарын өте дұрыс ,ақылмен айтқанына ризамын.

Өмірлеріңізге ақ жол тілеймін!

 

8.Үй жұмысы: 119б \үзіндіні оқу\

  1. Бәріміз ән айтамыз  :\Сөзі, музыкасы да   интерактивті тақтада \

Әніміз : «Жақсы адамдар»