Ананың тілі-жүректің үні

 

 

Тақырыбы:  Ананың тілі-жүректің үні

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін ойын түрінде тексеру, сұрақ қою арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, зеректілігі мен зейінін қалыптастыру. Қазақ тілін біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: ойын- сайыс түрінде
Қатысушылар: 5  сыныптар
Ойын барысы:
Амандасу. Топтарды шақыру.
1. -Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

— Тіл мерекесі – барша қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам.

Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн –Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам.Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсің!

Ана тілім –арайлы шапағатым,

Ана тілім- сәніммен салтанатым.

Ана-тілім-таудағы таза бұлақ,

Ана тілім-Мәңгілік махаббатым.

Анатілім- қазағым, қазақ тілім

«Ананың тілі-жүректің үні» атты білім сайысымыз ашық деп жариялаймыз!Бүгінгі ойынымыз негізінен 8 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Таңыстыру

2 кезең «Граматикалық аялдама»

3 кезең.“Кім жылдам”

4 кезең. “Поэзия минуты”

5 кезең«Мың бір мақал»

6 кезең. «Қате тап»

7 кезең “Жұлдызды сәт”

8 кезең «Дұрыс жаз»

9 кезең «Кім тапқыр»- қыскаша ғана таныстырып өттік, ал ендеше бастайық!

Енді әділ қазылармен танысайық.

Сайысымызға 2 топ қатысады. «Дарындылар»  және   «Білгірлер».
Ал сайысымызды бастайық.
Бірінші кезең : Таныстыру. Әр топ өз тобын    таныстырады

Екінші кезең: «Грамматикалық аялдама». Қазақ тілі грамматикасы бойынша сұрақтар қойылады,  тез жауап беру керек. Жауабы дайын болған топ  тез қоңырау соғады. Бірінші қоңырау соққан топ жауап береді.

«Грамматикалық аялдама».
Сұрақтар.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?

  1. Неше сөз табы бар?
  2. Зат есім деген не?
  3. Сан есімнің сұрақтары?
  4. Жалғаудың неше түрі бар? Қандай?
  5. Табыс септіктің сұрақтары?
  6. Неше дыбыс бар?
  7. Буынның қандай түрлері бар?
  8. Етістік дегеніміз не?
  9. Сын есім дегеніміз не?

Ал жарайсыңдар.

Қазақ тілі-Атаң, Анаң,

Қуат алар Отан содан.

Дүнмеге ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған.

Дұшпаның бас иетін,

Тілің-ұлттық қасиетің.

 

Үшінші кезең: «Кім жылдам»

Шашыранды сөздерден сөйлем құрастыру.

(Әр топқа 3 сөйлем беріледі). Дайындыққа 1 минут уақыт беріледі.
Музыка ойнап тұрады.
«Дарындылар»  тобына:
А.Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны.

Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай.

Қазақ халқының ұлттық киімдері өте әдемі және ерекше.

«Білгірлер» тобына:
А.Құнанбаевты әжесі Зере, шешесі Ұлжан тәрбиеледі.

Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш – халық ауыз әдебиетінің түрлері.

Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүреді.

(Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)

Ана тілім-күшім менің,қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысары ма ырысыңды,қорыңды,

Тезерлесіп қатар жазса мың ақын.

Төртінші кезең: «Поэзия минуты».  Кез келген ақын-жазушылардың тіл туралы  өлеңін жатқа айту.

 

Бесінші кезең: «Мың бір мақал».

О, Адамдар, қадіріңе жетіңдер,

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер.

Әркімнің туған тілі-туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.
Алтыншы кезең : «Қатені тап». Берілген мәтінді оқып, қателерді табу керек. 2 минут уақыт беріледі.

«Дарындылар»:
Көктем.

Күн жилынды. қар ери бастади. Тунде салқын, күндуз жылы. Коктем басталды. Жылы жель сокты. Ауылда тракторшілар жер жиртып жатыр. Кеше кун күркіреды. Енді дала шобі көтериледі. Жыл қустары келе бастады. Бакшада коконис егілды.
«Білгірлер»:
Абай Құнанбаев.

А.Құнанбаев – қазақ халқынын улы ақыні. Ол ерте кезде омір сурді. Казақ халкын онер үйренуге, білим алуға шакырді. Акын осекші, өтірікшы, жалқау, мактаншақ адамдарды жек көрде. Абай оз шыгармаларында мұндай адамдарді қатті сынаді. А.Құнанбаев – ұлы аудармаші болган.
(әділ қазылар конкурсты бағалайды)
Жақсы, енді алтыншы конкурс мынандай
Жетінші кезең: «Жұлдызды сәт»  берілген сөзден басқа сөздер құрастыру керек.

5 минут беріледі.
1 топқа– ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА

2 топқа – ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРМЕН

Сегізінші кезең: «Дұрыс жаз». Сөздерге септік жалғауларын дұрыс келтіру. Тақтаға шығып, жазу керек.
Сөздер:
А.с ақын
І.с Абай …
Б.с. дәптер…
Т.с. кеме …

Ж.с. ағаш …
Ш.с. жазушы…
К.с. қала …

 

А.с. шығарма

І.с. мұғалім …
Б.с. уақыт …
Т.с. сынып…
Ж.с. ғарышкер …
Ш.с. өлең …
К.с. бала…

Бүгінгі біздің сайысымыздың соңғы кезең:  «Кім тапқыр». Айтылған әріпке сөздер келтіреді. мысалы А десем, осы А әрпінен басталатын сөздерді айтасыңдар.
А

Б

Ә

Қ
Жарайсыңдар, осымен  сайысымыз  аяқталды. Енді топтардың жинаған ұпайларын біліп, жеңімпазды белгілейік. Әділ қазыларға сөз берейік.

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін