Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі.

Күні:Пәні: биологияСынып: 6
Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі.
Мақсаты:Тамырдың қызметі және оның түрлерімен танысу.
Нәтижесі:·         Өсімдік мүшелерін біледі;

·         Тамырдың қызметімен танысады;

·         Тамырдың түрлері мен тамыр жүйесін меңгереді;

·         Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

Сабақтың әдісі:Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «Айналмалы доп» әдісі, постер, семантикалық карта, тестілеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, бағалау парағы, доп, плакаттар.
Бағалау:Мұғалімнің бағалауы, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы, бағалау   парағы
Ұйымдастыру кезеңі:

                                 

Жүректен-жүрекке.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін  айту).

(2 минут)

Үй тапсырмасын тексеру«Айналмалы доп» әдісі бойынша үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қояды.

Бағалау критерийі:

Сұрақ тақырыпқа сәйкес қойылса – 5 ұпай

Жауап толық берілсе – 5 ұпай

Барлығы: 10 ұпай

(5 минут)

Қызығушылықты  ояту1.Топтастыру,  топқа бөлу. Суретті таңдай отырып бөліну.

1-топ: «Асқабақ»  2-топ: «Пияз»

2.Топ жетекшілерін сайлау. Орындықтың артында стикері бар оқушы топ жетекші болады.

(3 минут)

Мағынаны тануМағынаны тану

1.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар өздері тақырыпқа байланысты мақстын айтады.

2.Электронды оқулықтан өсімдіктің өсімді мүшелерін көрсету. Оның ішінде тамыр мен тамыр жүйесіне тоқталу.

(5 минут)

Шығармашылық жұмысОқушылар берілген тақырып бойынша постер жасайды және оны қорғайды.

І. «Асқабақ» тобына «Тамыр» тақырыбы

ІІ. «Пияз» тобына «Тамыр жүйесі» тақырыбы

Бағалау критерийі:

Постер мазмұнды, тақырыпқа сай жасалса – 5 ұпай

Постерді қорғау – 5 ұпай

Барлығы: 10 ұпай

(10 минут)

Сұрақтар қою-Тамырдың шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?

-Негізгі, жанама, қосалқы тамырлар қайдан пайда болады?

-Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?

-Тамыр жүйесі нешеге бөлінеді?

(2 мин)

Сергіту  сәтіТүс терапиясын көрсету

(5 минут)

Кестемен жұмысБерілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазу.

1.Пияз 2.Қауын 3.Сәбіз 4.Жүгері 5.Асқабақ 6.Күріш 7.Ермен 8.Қамыс 9.Асбұршақ 10.Сұлы

Кіндік тамыр жүйесіШашақ тамыр жүйесі
          

 

(3 минут)

Қорытынды

 

Тест тапсырмасын алу. Оқушылар жұмыстарын бір-біріне ауыстырып тексеріп шығады.

1.Тамыр:

А)судың булануы

Ә)топырақтан органикалық заттарды сіңіру

Б)өсімдіктердің генеративті мүшесі

В)топырақтан минералды суларды сіңіреді

2.Негізгі тамыр қалай өркендейді?

А)сабағынан

Ә)ұрық түбінен

Б)жанама тамырдан

В)қосалқы тамырдан

3.Жанама тамыр қалай дамиды?

А)негізгі және қосалқы тамырдан

Ә)тек қосалқы тамырдан

Б)сабағынан

В)ұрықтан

4.Қосалқы тамырлар қайдан шығады?

А)тек негізгі тамырдан

Ә)тек жанама тамырдан

Б)сабақтың төменгі жағынан

В)жапырақтан да, сабақтан да

5.Тамыр, ұрық сияқты:

А)өсімдікті топырақта нығайтады

Ә)өсімдіктің генеративті көбеюіне қатысады

Б)қоректік қаттардың қорын қамтиды

В)минералды тұздар мен суды сіңіреді

Жауаптары : 1 В – 2Ә – 3А – 4В – 5Б

Бағалау критерийі:

Әрбір дұрыс жауап үшін — 1ұпай

Барлығы: 5 ұпай

(5 минут)

Бағалау

 

Рефлексия

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысын шығару. Нәтижесін журналға түсіру.

Кері әсер парағы

1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

2. Сабақ барысында сізге не ұнады/ұнамады?

3.  Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз.

(5  минут)