Қоян М Дулатов

 

Сабақтың тақырыбыҚоян М Дулатов
СілтемеӘдебиеттік оқу оқулығы,Атамұра 2014ж авторлары:Т.М.Әбдікәрім.С.Р.Рахметова,Б.Т.Қабатай,ғаламтор

Бастауыш сыныпта оқыу  әдістемесі журналы  Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсатыҚыс мезгіліне қатысты теңеулерді пайдаланып табиғатты  суреттей білуді үйренеді, қоян ,аңдардың қысқы тіршілігі жайлы танысады және сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдау жасауға және бағалауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже Қыс мезгіліне қатысты теңеулерді пайдаланып табиғатты  суреттей білуді үйренетін болады, аңдардың қысқы тіршілігі жайлы танысатын және сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдау жасауға және бағалауға үйренетін болады.
Негізгі идеяларЖыл мезгілдері,қысқы табиғат құбылыстары жайлы білімге негізделеді
ТапсырмаларОй қозғау   Жұмбақ шешу
ТапсырмаларТоптық жұмыс  Тұлғаны танып біл, Араласжұптас,бөліс
ТапсырмаларЖеке жұмыс  «Қоян»эссе
ТапсырмаларЖұптық жұмыс Шығармашылық тапсырма, Айырмашылығын тап
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І Ұйымдастыру  (2 минут) Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу (оқушылар сөз таңдау арқылы топтасады. ( желтоқсан,қаңтар,ақпан)

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау (8 мин) «Аққала» өлеңді  «  Үш қадамдық сұхбат»әдісі арқылы сұрау

(Тапсырма «өте жақсы», «жарайсың», «жақсы» сөздері арқылы формативті бағаланады)

ІII Ой қозғау  (3 минут)  Айырмашылығын тап:

Интербелсенді тақтадан көрсетілген сұрақтар бойынша топтағы балалар өз ойларын айтады.

— Қысқы  аң-құстардың тіршілігі туралы не білесің?

— Қыста өз тонын өзгертетін аңды ата?

— Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы  екен? Жұмыс дәптерімізді ашып тақырыпты жазып алайық.  Оныншы қаңтар Қоян Міржақып Дулатов

Жұмбақ

Қыста ақ,

Жазда сұр.

Бұл қай аң? (Қоян)

IY  Топтық жұмыс ( «Тұлғаны танып біл» әдісі арқылы топтық жұмыс ) (18 мин)

Міржақып Дулатов туралы не білесің? Қағаз бетіне түсір.

                   Ақын,жазушы                     М.Дулатов кім?                        Қостанай облысы

                    Қоғам қайраткері                                                      Жанкелді ауданында туылған     

 

                                               Шығармалары: «Бақытсыз Жамал»романы

                                                                               «Оян,қазақ!» өлең жинағы

                                                                               «Терме»өлең кітабы

                                                                                «Балқия» пьесасы   

 

Топқа  өтілген тақырыпар  бөлініп беріледі. Тақырыптар  жеке оқуға, одан соң жұбыңызбен талқылауға(Аралас,топтас,бөліс әдісі арқылы) және тобыңызбен талқылауға уақыт беріледі. Тақтаға әр топтан баяндамашылар шығып баяндайды, сұрақтар дайындайды. Сұрақтарға жауап алу

(Бағдаршаммен  формативті бағалау)

V  Сергіту сәті. (2 мин) (интерактивті тақтадан көрсетілген бейнероликке қарап  жаттығу жасайды)

 

ҮІ. Дәптермен жұмыс . Жеке жұмыс ( 5 мин)  Әңгімедегі сөздерді  пайдаланып «Қоян» тақырыбына әңгіме жазу  Қоян өте қорқақ аң . Ол жауларынан қашып құтылады . Қоян азық жинамайды . Күн суытқанда сұр тонын тастап ақ тонын киеді . Қоян туралы халық қағидаларында да айтылған . қоянның бүйрегі майлы болса , қыс аязды болады .

Топтарда өзара бағалау

ҮІІ. Жұптық жұмыс (3мин) (Әр топта үш жұп. Жұптар берілген тапсырмаларды орындайды)  Шығармашылық жұмыс

1- жұп . 1 . « Қоян» 5 жол өлең құрау .

2 . Әңгімеден жүк тартқандардың сыртқы бейнесін суреттейтін жолдарды тауып оқу

2 — жұп . 1 . « Қыстың қамын , жаз ойла» эссе жазу

2 . Мәтіннен бозарып атқан таңмен бірге басталған тіршілік жөнінде айтылған тұсты тауып оқу

3 — жұп . 1 . Әңгіме мазмұнына сай сурет салу

2 . Әңгімедегі қоянға қатысты тіркестерді тауып оқу .

Әр топтан  жұп оқушылардың жұмыстары тыңдалып , талданады .

ҮІІІ Кері байланыс (2 мин)  Рефлексия (оқушылар өз ойларын жазып береді)

 

ІХ. Үйге тапсырма:  (2 мин) «Қоян » түсініп  оқу.