М. Мақатаев« Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Адам мен табиғат арасындағы байланыс

 

 

Сабақтың    тақырыбы : М. Мақатаев« Аққулар  ұйықтағанда» поэмасы  Адам мен табиғат арасындағы байланыс.

Мақсаты:Ақынның өміріне шолу жасау, сөзімен өлең өрген   жыр пырағы — Мұқағали   туралы дерек, поэмасының тақырыбы  мен идеясы, оқушылардың  поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

А)Білімділік:Ақынның поэзиясының өміршеңдігін            таныту,көркемдік тілін ашу.

Ә)Дамытушылық:Оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз ойын еркін,жаттық жеткізе білуге,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Б)Танымдық:Өз бетімен іздене білуге,ой қорытуға үйрету.

В)Тәрбиелік мәні: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,кітаптар.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: талдау,пікір сайыс,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих,.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

 

.«Ойлан, тап!» ойыны. Ақын өлеңдерінен үзінді беріледі. Сол өлеңнің тақырыбын атау керек.

 

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз ,

Қасиетіңнен суыңның!        (Қарасаз)

 

Көрер едің,

Шаламын ба, отпын ба,

Білер едің,

Ақынмын ба, жоқпын ба?..

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,

Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.            (Автограф)

 

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай.           (Арыз жазып кетейін)

 

Керегі жоқ,

Керегі жоқ,

Керегі жоқ бәрінің!

Иненің де керегі жоқ,

Керегі жоқ дәрінің!                                   (Дәрігеріме)

 

Тіл өнері

Бұл кезеңде  ақынның  өлеңдерінен  үзінділер оқылып, жыр жолдарында  жасырынған сөздерді тауып,үш тілде жауап береді.

1.Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ…… шоқтарын лақтырып,
Мынау шапан, мынау атың, мін демей.

Жауабы: (гүл-цветок-flower).

 

 

  1. Жігітінен қазақтың….. таба алмай,
    Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

Жауабы: дос-друг-friend

  1. Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,
    Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.
    Кең дүние, керемет қалпыңменен
    …….болып кеудеме кірші менің!

Жауабы:жүрек-сердца-heard

  1. Ең……бақытым-халқым менің,
    Соған берем ойымның алтын кенін.

Жауабы:бірінші-первый-first

  1. Жапырақ жүрек, жас қайың,
    Жанымды айырбастайын.
    Сен…… бола бастасаң,
    Мен қайың бола бастайын.

Жауабы:адам-человек-people

  1. Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
    Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
    Сәл ұйықтаса………немере төрт жаққа
    Көзден ғайып болатұғын секілді.

Жауабы:төрт-четыре-four

  1. Мен…… болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
    Мен-ашу да, сен-ақылсың нәрі аққан….

Жауабы:түн-ночь-night

  1. Өкінбе,…., отың бар сөнбейтұғын,
    Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

Жауабы: әке-отец-father

  1. Ақ ұлпа жерді жерді жапқанда,
    ……….. сырға таққанда…

Жауабы:ағаштар-деревья-tress

 

Жаңа сабақ

Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде, ой-парасатында, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде. Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Мыс: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида тазалық басымырақ болады. Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.

Табиғат

Жанымды алсаң.

Алшы менің.

Бір түйір жерге түскен тамшы едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

Артымда қалсын жерім.

Қалсын елім,- деген Мұқағали барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды. “Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі”. Бүгін біз өтіп отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда”-ғажап поэма. Адам-табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі-тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуіде мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

 

Проблемаға шығу. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

 

«Аққу- киелі құс» Пікір сайыс

 

-Жақтаушы топ: “Аққу-киелі құс”

Аққуды атуға болмайды.

-Даттаушы топ “Ананың балаға деген махаббатын

дәлелдеу үшін аққуды атуға болады.”

 

Мынау кім?

1.«Әй,балам!…

Болмады ғой,болмады ғой…

Қасиет кетті көлден,сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін,ауылға қайт,олжаны қой!»

  1. «Ошақ басы,отбасы,көрмеппін ғой,

Дүние-ау,сен осындай керемет пе ең?»

  1. «Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі!

Балам өлсе,бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.»

  1. «Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!»

  1. «Білмеймін,сор аттың ба,бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» деп неге айтты?

  1. «Қазір,ботам…

Мінеки,таң атады…

Қазір,ботам,аққумен ұшықтаймын…

Жазыласың,құлыным…балапаным!» деп неге айтты?

 

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріңдер.

КейіпкерлерІс-әрекеті, адами қасиеттері
АнаҚамқор ана.Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
ӘкеАдал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
Тәуіп шалМейірімсіз, қайырымсыз,Таяз ойлы.
Бақташы қартАқылы мол, көргені көп.

 

Дәптермен жұмыс

Тақырыбы –сұлулық,махаббат,зұлымдықИдеясы – табиғатты аялау,сұлулықты бағалай білу,адамгершілікке тәрбиелеу

Кейіпкерлері – ана,аққу,жылқышы

Көркемдігі- теңеулер (тамшысындай,қарақшыдай)

Эпитеттер(айдын көл,ақ отау,жас бұлбұл,тәтті үн,қомағай көкқұтандар,ақ мүсін,қара орман,қатыгез,

сұрқай ойлар,жаралы аққу)

Метафора – (айдын – төсек,ақ төсек – аппақ айдын,аққу — бала)

Диалог,монолог,экспозиция,аллитерация,пейзаж

Поэмадан көркемдегіш тәсілді тауып, поэманың стилін анықтаңдар?

М.Мақатаев қай стильде поэманы жазған.

Сұрақтар

.Аққуды неге киелі құс дейміз?

2.Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Көл не себептен «Жетім көл» деп аталған?

4.Аққулар осындай сәтті күткен бе еді?

5.Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

6.Қалай ойлайсың, баланы қалай емдеуге болар еді?

7.Ананың орнында сен болсаң не істер едің?

8.Егер сен автор болсаң, поэманы қалай аяқтар едің?

Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында із қалдырған»- деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі — шектеулі өмір. Екіншісі — мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Үй тапсырмасын беру:поэмадан өзіне ұнаған шумақтарын жаттау Бағалау.