Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

 

 

Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:  Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым !

Арайлап атқан күнге!

  • Слайд

ІІ.« Тіс ауруы, кәмпит жайында  көрініс»
1 оқушы шығып   ой, тісім қақсап барады.  Жанымды қоярға жер жоқ.
( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп ,қыз бала келеді.
Не болды, жасыма , айтшы өзің?
Неліктен ісіген бас, көзің
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп
Тұрмысың намыстан қорланып,  егіліп?
Бала:  неді не істеймін?   Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қыз :   Неге сенің тісің ауырады?

Бала :  Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.   Ой, тісім , тісім!
Қыз:   Олай болса , дәрігер шақырайын.
Дәрігер:      конфет жесең көбірек
Тісің  жүрер мазалап
Не жесең де  күніне
Екі рет жүр  тазалап.
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық
ІІІ.Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан — 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 — ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытың да, байлығың да — Денсаулық» деп аталады.

Кәмпит шашып, түстеріне қарай топқа бөлу  (Snicers, kit kat, Albeni)

Қонаққа келген қоянды өз үйіне жеткізу үшін тапсырмаларды орындау  керек.
1. Топ оқушыларын  үш топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»

2- топ «Салауат»
3- топ «Дәрумен»

  1. «Түсіп қалған әріптер».Берілген сөздерге әріптерді қою.
    1-топ
  2. Д…… і (дәрі)
    2. д…ру…н (дәрумен)
    3. ш….ны…..у (шынығу)
    4. с….ау……т (салауат)

2-топ:

  1. Г…и…на (гигиена)
    2.спо….т (спорт)
    3. тұ……у (тұмау)
    4. д… ау…. қ (денсаулық)

3-топ

1.Т..з..л..қ (тазалық)

2.ж.тт..ғу (жаттығу)

3.д..р..  (дәрі)

  1. с..рг..к (сергек)
  2. Үш топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып жарысады. 
  3. Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
    4. Жұмбақ жасыру

Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап — таза боласың. Бұл не? (сабын)

***
Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)

***
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

***
Не зиян? Не пайдалы?
тіс емдейтін дәрігер (тіс дәрігері)

***
Аузы жоқ, көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар Бұл не? (тарақ)

***

Асқар тауда қара орман (шаш)

5. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді қолдана отырып өлең жолдарын құру

1- топ:

……………………..– шыныққан         Денсаулық ол – шыныққан
.. ……………………. мүшесі.              Барлық денең мүшесі.
………………….. …. — тыныққан        Денсаулық ол — тыныққан
…………………………. жүйесі.            Жүйке тамыр жүйесі.

2- топ:
………………………….. — күлуің          Денсаулық ол — күлуің
………………………… жадырай,          Көңіл – күйің жадырай,
……………………….. – жүруің,           Денсаулық ол – жүруің,
………………………… ауырмай.          Ешбір жерің ауырмай.

3-топ

……………………….. байлығың,          Денсаулық – зор байлығың,
……………………….. жасыңнан.          Сақта оны жасыңнан.
…………………………. еліктірсе,          Зиянды әдет еліктірсе,
………………………….. қасынан.           Айналып өт қасынан.

6.1-топ .Айранның  денсаулыққа пайдасын айту.
Мынау — Семейде шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады.  Оның   денсаулыққа пайдасы  зор. Оның құрамындағы дәрумендері  өте көп. Спрайт, фанта, кола ішкенше осы рйранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
2- топ 

Құрттың  пайдасын айту
Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт.  Оның тіске пайдасы бар.  Ол тісті қатайтады. « Орбиті» алғанша осы құртты пайдаланған дұрыс.

3-топ

Сүттің пайдасы

Сүттің табиғи ерекшеліктерін және азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсыну үшін пастеризация өңдеуінен өтуі және дұрыс түрде ыдысқа құйылуы керек. Құрамындағы кальций еттен 10 есе, наннан 5 есе, алмадан 15 есе, сәбізден 3 есе көп. Күнделікті ішіп тұрса іштің құрамын тазалайды. Сырқаттанған кезде де өте пайдалы. Тасты да тазалап түсіреді

7.Кім көп біледі.
Өз денсаулығымызды қалай сақтаймыз.
1. Ерте тұру.
2. Жаттығу жасау.
3. Дұрыс тамақтану.
4. Тазалықты сақтау.
5. Дұрыс ұйықтау.
6. Өзіңді сергек ұстау.
7. Зиянды нәрселерден аулақ болу.
8. Спортпен шұғылдану.
9. Күніне екі рет, ұйықтарда таңертең тісті тазалап жүру.
10. Ұйықтар алдында, аяқ – қолды жуу қажет.
11. Артық тамақ ішпеу.
12. Күн тәртібін дұрыс ұстау.
8. Әңгіме оқу, талдау.
— Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
— Бұл не деп ойлайсыңдар?

ІV Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді.