Балықтар жоғары класы. Сүйекті балықтар.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Балықтар жоғары класы.Сүйекті балықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды балықтар класымен таныстыра отырып,олардың сыртқы және ішкі құрылысымен, сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерінен мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру,балықтарды өзіне тән ерекшеліктері бойынша ажырата білуге баулу.

Тәрбиелілігі: Балықтар туралы ұғым бере отырып, оларды қорғай білуге баулу
Сабақтың әдісі: Өзін — өзі тексеру, сұрақ — жауап, суретпен жұмыс т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа тарауды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, «Балықтар» суреттері, формат, маркер,стикер
Сабақтың барысы:     I. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу
                                    Оқушы назарын сабаққа аудару, үй тапсырмасын пысықтауға көшу
II. Үй тапсырмасын сұрау:   Желілілер типі
1. Желі қандай қызмет атқарады?
2. Неліктен тип желілілер деп аталған?
3. Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінген?
4. Қандай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы сақталады?
5. Желілі жануарларға тән белгілерді ата?
                                    III. Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Қызығушылықты ояту сатысы.
    Өлеңдегі жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу
    Қанаты бар ұшпайтын
    Сусыз жерде тұрмайтын
    Желбезекпен тыныс алатын ол- ?
    Оқушылар жасырын сөздің «балық» екенін айтады.
    Балықтар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы жануарлар. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы — ихтиология деп аталады. Себебі грекше «ихтис» қазақша: «балық» деген сөз.

Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң, оқушылардың өз бетінше меңгеруіне байланысты тапсырмалар беріледі.

                                        IV“Топтастыру” стратегиясы
ІІ мағынаны ажырату
“ЖИГСО” стратегиясы
Тапсырма №1
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
2. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады.
3.Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, атқаратын қызметі қандай?
Тапсырма №2
1. Сұйекті балықтардың сыртқы құрылысына қандай белгілер тән.
2. Сүйекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады.
3. Сүйекті балықтардың асқорыту, тыныс алу жүйесін сипаттаңдар.
Тапсырма №3
Қандауырша мен сүйекті  балықтардың құрылыс ерекшеліктерін көрсететін кесте толтыру.
Төменде берілген белгілердің сәйкес келетін реттік санын әр жануарлардың астына жазыңдар.    Тапсырма №4
1. “Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды”, “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген халық мақал – мәтелдеріне талдау жасау.
2. Елімізде балық шаруашылығының маңызы қандай, өз ойыңды дәлелде.
     Ой толғаныс сатысы
Осы берілген тапсырмалар бойынша әрбір топ сызбанұсқа, жоба түрінде қорғайды.
                                                    V.Қорытынды:

Рефлексия
Төмендегі кестені толтыру

  Нені білдім?Нені үйрендім?Нені білгім келеді?
   

 

        VI.Бағалау.

        VII.Үйге тапсырма беру.
        Тақырыпты  оқу, «Ойыл өзенінде кездесітін балық түрлері» туралы іздену  жұмысы.