«Ақынмын — мамандығым аса қызық!»

Қызылорда  облысы,Қазалы  ауданы,Майдакөл ауылы

№98 орта мктебінің бастауыш

сынып мұғалімі Боранқұлова Мөлдір

«Ақынмын — мамандығым  аса қызық!»»

Мақсаты:
Білімділік – Оқушыларды М. Мақатаевтың өмір жолы,
шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантымен
таныстыру.
Дамытушылық – Мұқағали жырларын оқыту арқылы поэзия әлеміне, сөз
өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, көркем оқуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік — М.Мақатаев өлеңдерін оқи отырып Отанын, туған жерін
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі,слайд,интерактивті тақта

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Кеш жарық! Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Қасиетті Қарасаз жерінде туып, артына өшпес мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Ақынмын — мамандығым  аса қызық!»» атты өнеге сағатымызға қош келдіңіздер.
Қайтейін, айыптымын алдарыңда,
Айта алмаған сөзім бар, арманым бар.
Достарым, жаман ақын жазған жырдың
Тым құрыса, бір парағын аударыңдар.
деп, өлеңін аманат етіп кеткен мақтанышымыз М. Мақатаев биыл 9 — ақпанда 83 — ге келер еді. Олай  болса ақын ағамыздың туған күн кешіне арналған бастауыш  сынып оқушыларының сіздерге арналған әдеби сазды өнеріне құлақ салыңыздар.
Оқушы: «Арыз жазып кетейін»

Бүгін  менің туған күнім.

Ой, бәле ‐ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет  жасап берер еді өзім‐ақ,

Тәңірдің бір жарытпай‐ақ қойғаны ‐ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ‐құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау – шапан,

Мынау –атың, мін»,–демей?!

Ән: «Көгершіндер әні»
Сөзі: М. Мақатаев Әні: Н. Тілендиев

 1 — бөлім:
«Ақын өмірі жайлы не білеміз?»

Ләззат: М. Мақатаев қасиетті Қарасаз мекенінде 1931 жылдың 9 — ақпанында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы колхоздың құрлысшысы, шешесі Нағиман.
Ақсаят:Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұхамедқали. Кейіннен жеңгелері, ауыл әйелдері тілге жеңіл болсын деп Мұқағали атап кеткен.

Өміртай: Мұқағалиды сөзге, жырға үйреткен әжесі Тиын еді.

Ләззат: Зеңгір көк тіреген шыңдар, Шалкөденің баурайы Мұқағалидың шабытына қанат бітірген, алтын бесігі.

Эльмира: Мұқағалидың әжесі Тиын «Әкесін ұрысқа аттандырып келгеннен кейін Мұқағали төрге жайылып жатқан көрпеше үстінде жер бауырлап, ұзақ жылап жатты деп еске алады.
Жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл‐күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,‐ деп жырлаған. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.   Небәрі 45 жыл өмір сүріп артына мол  мұра қалдырып кетті.5.3.1976 жылы Алматыда дүниеден өтеді.

Оқушы: «Махаббат диалогы»

–       Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

–       Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

–       Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

–       Күл боп бірге соңынан кетер едім.

–       Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

–       Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

–       Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?

–       Қойшы, сәулем, бәрән де көтеремін.

Мұғалім:

Қалай сені жұбатам, аңыра Ана,
Сау қайт деп тәңіріңе жалын Ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар, бізге әке табыла ма?!
… Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
деп әкесі Сүлеймен Калининград маңында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, қара қағаз. суық хабар әкелді. Шешесі Нағиман қаршадай Мұқағалиға жете қабыл үш ұлымен жесірлік тауқыметін тартып қалды. Сол кездері Мұқағали жас та болса анасының бір жағына шығып, еңбекке ерте араласты.
2 — бөлім:
«Жырлап өсем Мұқағали жырларын»
Ерсін: «Үш бақытым»
Аяжан: «Әке»
Айсұлтан: «Мен таулықпын»
Бақытнұр: «Отан»
Бағылан: «Туған жер»
Ақбөпе: «Қайран Қарасазым — ай»
Аяжан: «Бесік басында»
3 — бөлім:
«Ақын жайлы естеліктер»


Мұғалім:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы‐

дей келе көптеген ақындар Мұқағали жайында естеліктер жазды. Фариза Оңғарсынова өзінің бір естелігінде былай деген екен: «Мұқағали – біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл‐ өнердегі заңдылық. Ол‐әсіресе қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған бояуымен құпиялана түседі. Поэзияның әрі таймас сұлулығы да, барған сайын ынтызарыңды құрта құдіреті де осы болуы керек.

Хор: « Саржайлау»

Мұғалім:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

 

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған заманадардан,– дейтін Мұқағали‐біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

   Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Мұғалім:

Аламан бәйгеде оза шауып, өлең – жырда шашасына шаң жұқтырмайтын, талантты тұлға – Мұқағали ақынның өмір жолы әр — алуан оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондықтан біздің парызымыз бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз
Осымен өнеге сағатымыз аяқталды.
Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет!