География сабақтарында модульдік технологияны пайдалану тәжірибемнен

География сабақтарында модульдік технологияны                 пайдалану тәжірибемнен

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты  көтермейтін ғасыр. Болашақ ұрпақтың бейімділігі  мен оның  жетер рухани  байлығы әлемдік өркениетке  жетер бағыттағы  Қазақстан Республикасының  гүлденуіне  кепілдік болар  бірден-бір  жол. Нарықтық  қатынастар  қалыптасып  жатқан  қоғамның  қазіргі  жағдайында  мәдениетті,  білімді, өзіндік  ұстанымы  мен  таным көзқарасы  жетілген  адамның атқаратын  қызметі зор. Қоғамдық  прогресс  пен  ғылымның  ықпалынан  оқытудың  жаңа  міндеттері  мен озат  тәжірибесінің  жинақталуынан  оқыту  талаптары дамиды.., нақтыланады, жетіле түседі.

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі   қалыптасуда.

Бұл прогресс білім  парадигмасының  өзгеруімен  қатар  жүреді. Қазіргі уақытта педагогик ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық  дамуына  бағытталған жаңа  оқыту  технологияларын шыгаруға  ұмтылуы. Әлемнің  әр  түрлі  елдерінде  (  АҚШ-та,    Ұлыбританияда,    Белгьгияда,      Ресейде     және    т.б.)    жүргізілген зерттеулерде    оқытудың    технологиялық    тәсілінің    тиімділігі     дәлелденген. Қазақстан   Республикасының   «Білім   туралы»   заңында   оқыту   формасын, әдістерін, технологияларын  таңдауда  көп  нұсқаулылық  қағидасы бекітілген.

Қазақтың  ұлы  ғалымы Ш.Уәлиханов: «Халық  кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім керек»,  деп айтқанындай егеменді елдің ертеңгі  ұрпағын оқу-білім тереңділігі мен дұрыс ғылыми ақпараттарымен, жаңа технологиялармен қамтамасыз  ету  негізгі парызымыз деп санаймыз.

Оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыруда,  дарынды тұлға шығаруда жаңа  технологияның тағы бір  ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі. (С. И. Ожегов.)

 

 

 

 

 

 

                                              Кіріспе  бөлім

( модульге   тақырып   енгізу )

                                              Сөйлесу  бөлімі

(оқушылардың  танымдық  қызметін  өзара  сөйлесу  негізінде

ұйымдастыру)

                                              Қорытынды  бөлім

(бақылау)

 

Әр оқу модулінде сағат саны  әр  түрлі болады.  Бұл  оқу  бағдарламасы бойынша сол  тақырыпқа,  тақырыптар  тобына  немесе  тарауға  бөлінген   сағат  санына байланысты  7-12 сағаттан тұратын  оқу  модулі  неғұрлым тиімді  болады.  Оқу модулінің    ерекшелігі  –  жалпы  сағат   санына   қарамастан,   кіріспе   және  қорытынды  бөлімдерге  1-2 сағат  береміз.  Барлық  қалған  уақыт  сөйлесу меншігінде  болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім  оқушыларды  оқу  модулінің  жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырада. Мұнда оқу модуліне берілген оқу материалдары қысқаша сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіріледі.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұның бір маңызы- күрделі ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды және кез-келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.

Сөйлесу бөлімінің оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:

  • топтық немесе жеке топтық
  • жұптық
  • ұжымдық

Бұдан басқа сөйлесу бөлімінде:

  • семинар
  • оқу конференциялары
  • диспут
  • топтық пікір талас түрінде болады.

Сонымен бірге оқыту ойындарының түрлері қорытындыланады.

  1. Оқу бөлімінің қорытынды бөлімінде тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын соңғы бөлімі. Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан бөлім., білік дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Оқу модулінің қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрлері бар. Біріншісі — міндетті тастілеу, екіншісі — сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Мен соңғы 2-3 жыл ішінде модульдік оқыту технологиясын өз тәжірибемде қолдана отырып, оның нәтижелігіне көз жеткізіп жүрмін. Алдыма қойган мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдыларын жетілдіру.

Сонымен бірге қазіргі ақпараттық технология ғасырында электронды оқулықтың алатын орны ерекшк. Бұл технологияның әр бөлімінде оқушылардың белсенділігі, ойлау және есте сақтау қабілеті жүйелі түрде дамып отырады. Осы орайда электронды оқулықтарды оқи отырып 8 сыныпта «Қазақстанның климаты» тақырыбына жасалған оқу модулін ұсынып отырмын.(8 сағат).

 

Модульдің   құрылымы

Модульдің құрылымысағат саны     Сабақтың мазмұны                                                                               мен түріБөлінген уақыт
 Кіріспе бөлім 1 сабақМодульдің құрылымы мен таныстыру. Әр оқушының алдындағы мақсат пен міндетті анықтау. Тірек сызба бойынша тақырыпты түсіндіру.  5 минут

5 минут

 

35 минут

    Сөйлесу

(диалог

бөлімі)

 2-3 сабақтарСабақтың мақсаты мен тақырыпты пысықтау. «Қарлы кесек»  ойыны  5 минут

85 минут

  4 сабақ Деңгейлік тапсырмалар арқылы топтық жұмыс (тақырыпты пысықтау)  45 минут
  5 сабақАуа температурасы мен жауын-шашынға байланысты есептер шығару.  45 минут
  6 сабақСарамандық жұмыс (кескін картамен жұмыс)  45 минут
  Қорытынды

бөлім

 7 сабақТестілеу (оқушылардың білімін бақылау).

Термин сөздерге анықтама беру

  25 минут

 

20 минут

  8 сабақСынақ сабақ(оқушылардың білімін оқушылардың шығармашылық жұмысы)  25 минут

20 минут

Оқу моделінен шыққанда әр оқушы нені біліп үйренуі керек: бағдарламаға сәйкес міндеттің білім мазмұнын білу:

  1. Климат қалыптастырушы факторларды
  2. Ауа массаларының және желдерінің  Қазақстан жерінде таралуын;
  3. Ауа температурасымен жауын шашынның таралуы
  4. Климаттық шаруашылыққа  тигізетін әсерін

Жаңа ұғымдар:  Циклон, антициклон, радиация, ауа массасы, жел температура инверсиясы,  ылғалдану коэффициенті, изобара, изотерма.

1 сабақ

Кіріспе бөлім.

  1. Бұл бөлімде оқушылар оқу модулінің  құрылымымен, әр оқушының алдындағы  міндеттермен таныстырылады.
  2. Проблемалық сұрақтар қоя отырып,   тірек-сызбалар, көрнекіліктер, оқулықты пайдаланып тақырыпты түсіндіру.  Тақтада жаңа ұғымдар жазылған.

Дәріс жоспары

  1. Климат қалыптастырушы факторлар
  2. Атмосфераның алмасуы, ауа қысымы, желдер
  3. Ауа температурасының таралуы
  4. Атмосфералық жауын шашынның таралуы
  5. Климаттық адам өмірі мен шаруашылыққа  тигізетін әсері
  6. Агроклиматтық ресурстар.

Құрал жабдықтар:  Қазақстанның физикалық картасы, климаттық картасы.

Дәріс кезінде қолданылатын тірек- сызбалар

І- кесте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ- кесте

1.      Арктикалық

2.      Тропикалық

3.      Қоңыржай

Сайқан, ебі, шілік, Арыстанды-

Қарабас,

Қордай,

Мұғалжаржелі

Ылғалдану коэффиценті

К= Ж/Б

Солтүстік 190 С шілдедеОңтүстікте 28+300 С Солт.Қаңтарда -190 С Оңтүстікте -1,50С температура инверсиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ- кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шашыранды

Күн радиациясы

Тұтылған

Күн радиациясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 сабақ

Деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасау.

Мақсаты: Оқушылардың білімін, біліктілігін бақылау, өз білімін бағалау.

1 топқа.         ІІІ деңгей

  1. Жер бетінде тіршілік үшін Күннің қандай рөлі бар?
  2. Күн радиациясы дегеніміз не? Ол қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?

ІІ деңгей

  1. Бір тәулік ішінде температура қандай себептерге байланысты өзгереді?
  2. Биіктеген сайын ауа температурасы қалай өзгереді?

 

І деңгей

  1. Желдің табиғаттағы зияндылық әрекеттері қандай?
  2. Желден электр энергиясын өндіру үшін қолданылып жүрген жел двигательдерінің қандай түрін атай аласыңдар?
  3. Қазақстан аумағындағы жауын-шашын неліктен батыстан шығысқа қарай таралады? Карта бойынша түсіндіріңдер.

2 топқа.                                 

ІІІ деңгей

  1. Негізгі климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.
  2. Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуына қандай факторлар әсер етеді?

ІІ деңгей

  1. Картадан Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының таралуын анықтап, оның әр түрлі болу себебін түсіндіріңдер?
  2. Ылғалдану коэффициенті дегеніміз не?

 

І деңгей

  1. Қазақстандағы қандай қауіпті қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?
  2. Өздерің тұратын жерде қандай қауіпті атмосфералық құбылыстар бар?
  3. Климат шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?

5 сабақ.

        Ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшеріне байланысты                                        

         географиялық есептер шығару.

Мақсаты: Оқушылардың ауа температурасы және ылғалдану коэффициенті    бойынша алған білімдерін, біліктерін қорытындылап пысықтау, есептер шығару.

1 топ:

  1. Тәуліктік температураны анықта:

Сағат 1-де  -15ᴼ С

Сағат 7-де  -12ᴼ С

Сағат 13-те  -8ᴼ С

Сағат 19-да  -10ᴼ С

  1. Қазандағы тәуліктік орташа температура жиынтығы +180ᴼ С. Айлық орташа температураны анықта.

 

3.Павлодар:

            Айлар Жылдық орташа температура
IIIIIIIVVVIVIIVIIIIXXXIXII
-17,9-17,2-10,53,212,919,021,218,712,43,2-7,6-15,01,9

 

 

  1. А. Б.

Атырау                                         Астана

Ж.ш.= 300 мм                            Ж.ш. = 300 мм

Б = 900 мм                                  Б = 600 мм

К = Ж /Б = 300/900                    К = Ж / Б = 300/600

К = 0,33 мм

К = 0,5 мм

5.Диаграмма талдау: Өскемен, Атырау, Орал, Тараз, Астана, Петропавл

қалаларының жауын-шашын мөлшерінің

диаграммасын тұрғызыңдар.

2 топ:

  1. Тәуліктік температураны анықта:

Сағат  1-де   +2ᴼС

Сағат   7-де  -2ᴼС

Сағат  13-те   +4ᴼС

Сағат   19-да  +6ᴼС

  1. Қыркүйектегі тәуліктік орташа температура жиынтығы  +210ᴼС. Айлық орташа температураны анықта.
  2. Алматы:
            Айлар Жылдық орташа температура
IIIIIIIVVVIVIIVIIIIXXXIXII
-8,0-6,9-0,210,015,819,922,321,015,37,7-1-6,47,6

 

 

  1.                                  А.                                           Б.

Қостанай                             Жезқазған

Ж.ш. = 400 мм                    Ж.ш. = 300 мм

Б = 500 мм                           Б = 800 мм

К  = Ж / Б= 400/500            К = Ж / Б  = 300/800

К = 0,8 мм

К = 0,375 мм

  1. Диаграмма талдау:  Өскемен, Атырау, Орал, Тараз, Астана, Петропавл

қалаларының жауын-шашын мөлшерінің

диаграммасын тұрғызыңдар.

 

 

6 сабақ.

                                        Сарамандық жұмыс.

Мақсаты:  Сарамандық жұмыс арқылы оқушының теориялық білімін

пысықтау, кескін картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.

1 тапсырма: Қазақстанның кескін картасына қақтар изотермасын көк түспен

және шілде изотермасын қызыл түспен бояп сызыңдар.

2 тапсырма: Қазақстанда жауын шашынның таралуын кескін картаға

түсіріңдер. Бұлардың не себепті әркелкі таралуын түсіндіріңдер.

3 тапсырма: Өздерің тұратын елді мекендерің бойынша әр айдағы жауын

шашын диаграммасын жасаңдар.

4 тапсырма: Өздерің тұратын аймақ бойынша (облыс) әр айдың ауа райы

температурасының графигін сызыңдар.

 

7  сабақ.

                                  Қорытынды бөлім.

                                   Тестілеу сабағы.

Мақсаты: оқушылардың тарау бойынша алған білімін, біліктілігін бақылау,

бағалау.

Тест сұрақтары.

  1. Ашық күндер солтүстікте қанша күн болады?

А)   110 күн

В)  120 күн

С)  130 күн

  1. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы оңтүстікте қанша сағат?

А)   2058 сағат

В)  2892 сағат

С)  2248 сағат

  1. Республиканың солтүстігінде ең суық айдағы ең төменгі температура қанша?

А)   -540 С

В)  -440 С

С)  -340 С

  1. Шілденің оңтүстігіндегі ең жоғары температурасы қандай?

А)   +29,30 С

В)  +24,30 С

С)  +39,30 С

  1. Жауын-шашынның ең көп жауатын жері?

А)   Тарбағатай

В)  Алатау

С)  Алтай

  1. Ең аз жауатын жауын мөлшері қандай?

А)   130 мм

В)  120мм

С)  110мм

  1. Ең көп жауатын жауын мөлшері қандай?

А)   1400 мм

В)  1500мм

С)  1600мм

  1. Солтүстікте қардың қалыңдығы қандай?

А)   10-20 см

В)  20-30 см

С)  30-40 см

  1. Соңғы 20 жылда неше рет қуаңшылық болған?

А)   2 рет

В)  3 рет

С)  4 рет

  1. Шаңды дауыл оңтүстікте неше рет болды?

А)   45-50  күн

В)  55-60  күн

С)  65-70  күн

  1. 100 күн аңызақ жел соғатын жер?

А)   Мойынқұм

В)  Қызылқұм

С)  Қарақұм

  1. Аңызақ жел дала белдемінде неше күн болады?

А)   5-10 күн

В)  10-15 күн

С)  15-20 күн

Термин сөздерге анықтама беру.

  1. Антициклон— атмосфералық қысымы жоғары аймақ.
  2. Ауа-райы— атмосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік  жай-күйі
  3. Изотерма – температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар

(«изоо»-бірдей,  «термос»-жылу).

  1. Изогиета –жылдың жауын –шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар («гиетос»-жаңбыр).
  2. Изобара – картада қысымы бірдей  нүктелерді қосатын сызықтар («барос»-қысым)
  3. Климат — Ауа-райының белгілі бір жерге тән көп жылдық орташа  жай-күйі
  4. Циклон — атмосфералық  ауа массалары  құйын тәріздес қозғалыста болатын төмен қысымды  аймақ
  5. Жел – жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы.

8 сабақ

Сынақ сабақ

Мақсаты:   Оқушылардың «Қазақстан климаты»  тарауы бойынша алған білімдерін  қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасын талдау.

  1. Климат түзуші факторлар?  (күн радиациясы, атмосфера алмасуы, жердің төсеніш беті).
  2. Қазақстан қандай климат белдеуінде?  (қоңыржай)
  3. Қазақстанның климаты?  (шұғыл континентті).
  4. Күн ркдиациясы деген не?  (күннен шығатын сәулелі энергия)
  5.  Қазақстанда қандай ауа массалары бар?  (арктикалық, қоңыржай, тропиктік,  ауа массалары).
  6. Ылғалдану коэффиценті дегеніміз не? (жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасы)
  7. Температура инверциясы дегеніміз не? (салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста t жоғарылайды)
  8. Қазақстанда қандай жерлер бар? (Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желі)
  9. Қандай ауа массасы жауын-шашын әкеледі? (қоңыржай ауа массасы)
  10. Зиянды атмосфералық құбылыстарға не жатады?( қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауыл)
  11. Ауа райын зерттейтін ғылым? (метеорология)
  12. Желдің бағытын анықтайтын құрал? (флюгер)
  13. Қазақстан жеріне солтүстіктен келетін ауа массасы? (арктикалық ауа массасы)
  14. Күн радиациясының қандай түрлері бар? (тура, шашыраңқы, жиынтық, жұтылған күн)
  15. Қазақстанның қай жерінде « құрғақ жаңбыр» байқалады? (республикалық оңтүстік аудандарда)
  16. Қазақстанның қай аумағында жауын-шашын көбірек, қай аумағына азырақ түседі? (Батыс Алтайда-1600мм, Аралдың Солтүстік шығысы Балқаштың батыс бөлігі 100мм)
  17. Қазақстанда ең жоғарғы және ең төменгі температуралар қандай? (Атбасар өңірі -57 С, +47 С Оңтүстікте)

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ребус шешу:  «Ауа массалары»
  2. Өз өлкелерінің 1 күндік ,  апталық температурасын бақылап, есептеу.

 

 

  1. 28-қараша: -220С
  2. 29-қараша: -250С
  3. 30-қараша: -70С                                 t= -90C
  4. 1-желтоқсан: -30С
  5. 2-желтоқсан: -20 С
  6. 3-желтоқсан: -10 С
  7. 4-желтоқсан: -50 С

2-есеп

 

1 күндік орташа температураОрташа температура
ТаңертеңТүстеТүстен кейінКешке 
-40-20-30-50-3,50

 

Бір аптаның орташа температурасы

29.11.0630.11.061.12.062.12.063.12.064.12.065.12.06
-14,750С-70С-30С-20С-10С-0,50С20С

 

D=

 

 

 

  1. Сөзжұмбақ шешу: «Климат»

 

 

  1. Республика аумағына негізінен әсер ететін ауа массасы?
  2. Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады. Бұл қандай радиация?
  3. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы?
  4. Ауа қысымының өлшем бірлігі?
  5. Ебі жеріне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғатын жел?
  6. Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі?
  1. Халықтық болжамдар:
  2. Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенет қатты суытады.
  3. Тышқан інін суға жақын қазса, сол жылы құрғақшылық, ал алыс қазса жауын-шашын көп болады.
  4. Қатты жел, дауыл алдында құмырысқалар  әбігерленіп мазасыздана бастайды.
  5. Мысық ағаш тырнаса жаңбыр жауады.
  6. Ит түнімен мазасызданып үрсе, күн суытады, жаңбыр жауады.

Осындай модульдік технологияны пайдаланып өткізілген  сабақтың маңызы зор.  Ондай сабақтар арқылы оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығайады, сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды, белсенділік білімділік,  ізденуге талпынысы, география пәніне қызығушылығын арттырады.

Қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялық әдістерді жиірек пайдалану  оқушыларды  өз бетінше ізденуге  оқулықтан негізгі ұғымдарды таба білуге көп нәтижеге жетуге болады.  Әр модульдік сабақты өткен сайын қорытынды бөлімінде  тест жұмысы жүргізіліп,  мынадай нәтижеге жетіп отырмын.

География пәні бойынша білім дәрежесі:

 

СыныпОқушы саныТест жұмысының қорытындысыҮлгерімСапа
8 а16543210076,4
3103

 

Сонымен  бірге  мұғалім  бұл әдісті пайдалану үшін алдын-ала көп  еңбектеніп жоспарлары күні бұрын дайындауы қажет.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.М.М.Жанпейісова.Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. «Алматы»  баспасы.  2002 жыл.

 

2.Н. Ю. Зарипова.  Физическая география   «Алматы»  баспасы.

 

3.«География және табиғат»  журналы  2011, 2012, 2013 жыл.

 

4.«Мектеп директорының орынбасары»  журналы   2013 жыл