Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Сабақтың тақырыбы:  Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Демонстрациялық тәжірибелер арқылы өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу белгілерін оқушылардың өз бетінше жұмысына сүйеніп түсіндіру және электр энергиясының шаруашылықтың әр түрлі саласындағы маңызын түсінуін қамтамасыз ету.
  2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинақтау, эксперименттік есептер шешу арқылы оқушы икемділігін, ойын одан әрі дамыту.
  3. Алған білімдерін тиянақтап, тұжырымдауға, өз бетінше есептер шешу және шешуді дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Демонстрациялық тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар.
  2. Эксперименттік есептер шешуге қажетті құралдар.
  3. Интерактивті тақта.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын жалпылама сұрақтар арқылы тексеріп, үйге берілген есептердің шығарылуын орындарынан тексеру. №3.170,3.171, 3.172, 3.173, 3.174.

Фронтальды сұрақтар:

  1. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда.
  2. Электр кедергісі деп нені түсінесің?
  3. Металл өткізгіштің кедергісі оның өлшемдеріне қалай тәуелді?
  4. Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?
  5. Тепмператураның жоғарылауына қарай өткізгіш кедергісі қалай өзгереді?
  6. Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені айтады?

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақ.
  4. Эксперименттік есептер шешу.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Оқушыларды бағалау.
  7. Сабақты қорытындылау.

Үйге берілген есептер: № 3.170, № 3.171, № 3.173, № 3.174, № 3.178. Есептер жинағы.

№3.171

Бер: S=1мм2 =10-6м2                    Талдау:                      Шешуі:

R=84Ом

ρн=42∙10-8Ом∙м

 

 

Т/к: -?

 

№3.173

Бер: Sa=Sм;                          Талдау:                      Шешуі:

ρa=2,8·10-8Ом·м                        ;

ρм=1,7·10-8Ом·м                       ;            ;

 

Т/к:                                                                      Жауабы: Ra=1,6Rм

 

№3.174

Бер: m=800г=0,8кг           Талдау:                     Шешуі:

d=1мм=10-3м             ;

ρ=12·10-8Ом·м           m=D·V=D··S

            D=7800кг/м3          ; ;         Жауабы: R=20 Ом

;

Т/к: R-?

 

№3.178

Бер: j=100А/см2=106А/м2      Талдау:                       Шешуі:

S=4мм2=4·10-6м2             ; ; ;

t=3мин=180с                ;            Жауабы: N=45·1020

e=1,6·10-19Кл

 

 

Т/к: N-?          

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • 9.4. Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

 

Өткізгіштерді тізбектей жалғау.

R1                    R3                                          Rn

  •                                               ●               ●                               ●

 

 

Әр өткізгіш бойынан бірдей ток өтеді, себебі ток тармақталмайды.

1) I = I1 = I2 = .  .  . = In

2) U = U1 + U2 + .  .  . + Un

3) R = R1 + R2 + .  .  . + Rn

4) U1 : U2: . . . :Un = R1 : R2: …: Rn

 

І. Демонстрациялық тәжірибе.

«Өткізгіштерді тізбектей жалғау»

Құрал-жабдықтар: 1. Резистор 1 Ом және 2 Ом.

  1.    Кілт.
  2.    Сандық амперметр.
  3. Сандық вольтметр.
  4.    Ток көзі.

 

 

1 — бөлім. «Ток күшін өлшеу».

  1.                                       Ток көзі шығысында – 6 В

2         көрсетуіне назар аудару.

  1. А және В нүктелеріндегі ток күшін өлшеу.

R1      4. Қорытындылау. Тізбектей жалғағанда І тізбектің әр

  • бөлігінде бірдей.
  • A

R2

 

B

2 – бөлім. «Кернеуді өлшеу».

 

1) 1 Ом резистор кернеуін өлшеу.

2) 2 Ом резистор кернеуін өлшеу.

3) U=U1+U2

R1                              4) Екі резисторға түсірілген кернеуді өлшеу.

5) Жалпы кернеуді кернеулер

+ ●                                                           қосыныдысымен салыстыру.

   − ●                                                       6) Қорытындылау. Тізбектің жалпы кернеуі

тізбектей жалғанған өткізгіштердегі

R2                                   кернеудің қосындысына тең.

 

 

3 – бөлім. «Қорытқы кедергіні есептеу ережесін тексеру».

 

2-бөлімдегі сұлбаға         тізбектей, кілттің қасына жалғанады.

 

I, AU1, BU2, BU, BОмОм
        

 

  1.  табу.
  2. — есептеу.
  3. — есептеу.
  4. Қорытындылау. Тізбектің жалпы кедергісі жеке-жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.

 

 

 

 

 

              Өткізгіштерді параллель жалғау.

 

Параллель қосылған кезде өткізгіш ұштары мен шеттері бір нүктеге жинақталады.

  1. I=I1+I2+….+In

I1          R1                                2. U=U1=U2=….=Un

I2            R2

I A                                   B     I     4. I1:I2: …. :In=

 

 

In          Rn

 

ІІ. Демонстрациялық тәжірибе. «Өткізгіштерді параллель жалғау»

Құрал-жабдықтар: 1. Резистор 2 Ом және 3 Ом.

  1. Кілт.
  2. Сандық амперметр.
  3. Сандық вольтметр.

R1                                            5. Ток көзі.

1-бөлім. «Кернеуді өлшеу».

1) R1 резистордағы кернеуді өлшеу.

2) R2 резистордағы кернеуді өлшеу.

3) Жалпы кернеуді өлшеу.

+●                            R2                             4) Қорытынды. Барлық жағдайда кернеу

бірдей екеніне көз жеткізу.

−●

 

 

 

 

Ток көзі шығысында кернеу – 6 В.

А       R1                            2-бөлім. «Ток күшін өлшеу».

  •                                         1.      көрсетуі алынады.
  1.                                        R1 резистордағы А нүктесіне

орналастырып ток күшін өлшеу.

R2                                  3. R2 резистордағы В нүктесіне

  •                                          орналастырып ток күшін өлшеу.

+ ●                                B                                        4. Нәтижесі тақтаға жазылады.

  1. I1+I2 қосындысын табу және

− ●                                                                              жалпы ток күшімен салыстыру.

  1. Қорытынды.

 

 

  3 – бөлім. «Өткізгішті параллель жалғағанда жалпы кедергі жеке өткізгіштер кедергісінен аз болатынын тексеру».

 

2-бөлімдегі сұлбаға және 1-ші сұлбадағы жалпы кернеу шамасы пайдаланылып осы прибор көрсеткіштері бойынша Rж және жеке өткізгіш кедергілерімен салыстыру.

 

ІV. Эксперименттік есептер.

 

 

Есептер жинағы: №3.191, №3.193, №3.194, №3.196.

 

  1. Сабақты бекіту.

 

  1. Өткізгіштерді тізбектей жалғауда қандай шама өзгермейді?
  2. Өткізгіштерді параллель жалғауда жалпы кедергіні қалай табады?
  3. Күнделікті тұрмыста өткізгіштерді жалғаудың қай түрі тиімді? Себебін түсіндір.

 

  1. VI. Оқушыларды бағалау.

 

VII. Қорытындылау.

Үйге тапсырма: §9.4; Есептер жинағы-№3.197, №3.198, №3.199, №3.200.