Қамырдан жасалған өнімдер

 

 

Пән: Технология 8 сынып.

Сарамандық жұмыс  5-сабақ

Күні:
Тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер
Мақсаты:   Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.

Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен  ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Күтілетін нәтиже: Тағамдардың құрамымен,адам ағзасына пайдалы азық-түлік түрлерімен танысып, өмірде пайдалана алады.
Керекті жабдықтар: Оқулық, нұсқаулық,  азық-түліктердің  фотосуреттері

 

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Джигсо.» әдісі.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды еске түсіреді: «жуан», «жіңішке» сұрақтар

3 минут. Оқушыларды топқа бөлу.

Сұрақтар:

1.Шала өнімдер дегеніміз не?
2.Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.
3.Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?

 

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.

Тұсаукесер
Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант — ұнтақ құмшекер үнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа — сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимон немесе апельсин қабығының үгіндісі, мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әр түрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.\

          Ұннан жасалатын кондитер тағамдары

 

 

 

 

 

Топтастыру әдісін  жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

 

 

Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді.

(витамин,қант, жұмыртқа, ақуыз, ашытқы,қамыр)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамақтану гигиенасы жайлы түсіндіреді

 

Қажетті сөздерді  дәптерге жазады

 

 

 

 

Кесте арқылы азық –түліктерден  болжалды мәзір дайындап кесте толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта кондитер тағамдарына мәзір дайындау

 

 

Негізгі бөлім  Сарамандық жұмыс №26   69- бет

Картоп салынған пирожки

   Сарамандық  жұмысты орындайды
Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Әр  оқушы өз жүмыстарын кестеге қарап орындайды

Кесте толтырады.

Тақырыптағы  ерекшеліктерді суреттейді.

Сұрақтар:

Денсаулықтың маңызды факторы деп нені айтамыз?

Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру үшін нені білу керек?

Макроэлементтер мен микроэлементтер дегеніміз не?

Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

Минералды заттар тамақтануда қандай рөл атқарады?

Басқаша қалай жасауға болар еді? 7мин

«Геометриялық текшелер » арқылы бағалайды

Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.

 

Сұрақтарға жауап жазады

Үйге тапсырма

 

Рефлексия

 

 

 

 

 

  21 тақырып.  Қамырдан жасалған өнімдер  67 бет , түсініп оқып келу.

 

Қызыл түс-мен түсінбедім

Жасыл түс-бәрін түсіндім

Сары түс-көмек керек.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.