Көктемгі табиғат. Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі.

                            

Сабақтың тақырыбы: Көктемгі табиғат. Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік:Балаларға мезгіл туралы түсінік беру, көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту, берілген сұрақтарға жауап бере білуге үйрету;

Ә) тәрбиелілік: Балаларды зейінділікке, шапшаңдыққа баули отырып, экологиялық тәрбие беру, құстарға, ағаштарға, өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: Ой-өрістерін, танымдық-шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын, дүниетанымын, өсімдіктерге қамқорлық жасауға деген қызығушылықтарын  дамыту.

Түрі: білім, білік-дағдыны қалыптастыру.

Әдісі: түсіндіру, ертегіден көрініс, ой қозғау, әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, Венн диаграммасы, семантикалық карта, тест жұмысы.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты көркем суреттер, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап шығу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (өткен тақырыптарға шолу жасау.)

ІІІ. Қызығушылықты ояту. – Балалар, алдымен мына тақтада ілулі тұрған өлең жолдарын бәріміз бірге оқиықшы. Не туралы екен?

Ақ қар еріп, су көбейіп

Сай – салаға толады.

Ағаш басы, бүршік шашып,

Гүл бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?

  • Көктемде.
  • Көктем екенін қайдан білдіңдер?
  1. Жаңа сабақ.

— Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды «Жыл мезгілдері» атты ертегіден бастағалы отырмын. Жыл мезгілдеріне қандай мезгілдер жатады?

— Әр мезгілде неше ай бар?

«Жыл мезгілдері» ертегісі.

— Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл деген ақсақал болыпты. Оның төрт қызы болыпты. Үлкені Қыс –тентек, ашулы, қатал болған. Одан кішісі Көктемгүл – көңілді, ашық-жарқын мінезімен, асқан сұлулуғумен көрінген. Жүрген жерін майдай ерітіп, гүл жазираға, әсем әнге бөлейді екен. Одан кішісі Жазгүлдің даңқы жайдары, салмақты мінезімен  шығыпты.

Жүрген жері думан екен. Кенжесі Күз ерке болып өскендігі ме, мінезі сылбыр, көңілшек болыпты. Болмашы нәрсеге өкпелеп, аузы бұртиып,  қабағы түйіліп, көзінен жас кетпейді екен. Бірақ, бір жақсысы қолы ашық, жомарт болыпты. Төртеуінің мінезі әркелкі болғандықтан оларды атасы төрт жаққа бөліп тастапты. Атасы төрт жаққа бөліп тастаған соң, қыс пен күз кетіп қалыпты.

— Көктем мен жаз неге қалып қойды ?

— Себебі қазір көктем мезгілі, алда жаз мезгілі келе жатыр.

— Ал қыс пен күздің кетіп қалғаны, уақыты өтіп кетті.

V.Ой қозғау.

— Суретте қай мезгіл бейнеленген?

—  Көктемде қандай өзгерістер болады?

— Күн жылынып, қар еріп, бүкіл тіршілік атаулы ұйқыдан оянады. Ағаштар, жер беті көктейді. Жылы жаққа кеткен құстар қайта оралады? Бәйшешек, сарғалдақ, қызғалдақ гүлдері жайқалып өседі. Адамдар қызу еңбекке кіріседі.

Көктемдегі өсімдіктерде болатын өзгерістермен таныстыру.

  1. VI. Сергіту сәті.
  • Бір ауық бойымызды сергітіп, қолымызды жаттықтырып сурет салайық. Алдарыңызда қағазда көп нүктелер берілген. Сол нүктелерді қосу арқылы ненің бейнесі шыққанын табамыз.
  • Сонымен бірінші қатар ненің бейнесі шықты? (ұяның)
  • Екінші қатарда ненің бейнесі шықты? (балапанның)

Құстардың пайдасы мен оларға көрсетілетін қамқорлық туралы айтып өту.

VIІ.  Бекіту.

А) Венн көрсетуі. Жыл мезгілдері.

Көктем мен қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып салыстырамыз. Төмендегі суреттерді тиісті шеңберге орналастыр.

Суреттер: қызғалдақ, боран, су, бүршік, жауып тұрған қар, жаңбыр, ұйықтап жатқан аң.

Ә) Семантикалық картамен жұмыс.

Жыл мезгілдеріне байланысты кесте берілген. Кестеде әр мезгілде болатын іс-әрекеттер бейнеленген. Сол суреттер арқылы қай мезгілге сай екенін табуымыз керек.

Іс — әрекеттерЖазКүзҚысКөктем
Бидай қай мезгілде піседі? +  
Шаңғыны қай мезгілде тебеді?  + 
Өсімдіктер қай кезде бүршік жарады?   +
Қысқа жең көйлекті қай мезгілде киеміз?+   

Б) Тест жұмысы. (Ауызша)

— Балалар сендерге қызықты сұрақтар дайындап келдім. Соларға ауызша жауап береміз.

— Құстардың ішіндегі адамның досы?

Қарлығаш. Қаз. Қарға.

  • Көктем мезгіліндегі ағаштың түрі қандай?

Жапырақты. Жапырақсыз. Бүршікті.

  • Көктемде не жауады?

Қар жауады. Жаңбыр жауады. Боран соғады.

  • Көктемде адамдар еңбектің қандай түрімен айналысады?

Сындыру. Ағаш отырғызу. Қар күреу.

  • Көктемде күн мен түнде қандай ерекше өзгеріс болады?

Батады. Теңеледі. Жарқырайды.

VIІI . Қорытындылау.

  • Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда көктем туралы әңгімеледік. Алған білімдерімізді қорытындылай келе , көктемде қандай өзгерістер болады?
  • Көктем: құстар келеді, аңдар ұйқыдан оянады, өсімдіктер жанданады, адамдар еңбектенеді, жәндіктер тіріледі, мал төлдейді.

ІX. Үйге тапсырма.

Оқулықтағы мәтіндерді түсініп оқу.                                                              

  1. Бағалау.

Құстардың бейнесін сыйлау арқылы бағалау.

Тоқылдақ – орман дәрігері дейміз, сондықтан сен де тоқылдақтай еңбекқор бол.

Көгершін – бейбітшілік құсы, сен де халқыңның тыныш, бақытты өмірін қорғайтын сақшысы бол.

Аққу – нәзік, әдемі құс. Қыздар сендер де аққудай нәзік, сұлу, таза болып өсіңдер.

Қарлығаш – адамның досы, сен де адамға жанашыр бол.