Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілері

Сабақтың  тақырыбы :     Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты : а)  Тыныс белгілері  туралы түсінік беру,  сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің  жасалу жолдарын түсіндіру;

ә)   оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б)   Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, таблицалар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы

 

Қойылатын орындары

 

Сұраулы сөйлем

лептік интона-

циямен (екіұдай

сезіммен)

айтылғанда,

сұрақ басым болса, сұрау белгісі

бұрын, көңіл күй

екпіні басым болса,

леп белгісі бұрын

қойылады.

 

Ой

аяқталмаған

жағдайда

бірінші бөлігі сұрау

мағыналы

болса, алдымен сұрау белгісі, сосын

көп нүкте

қойылады.

 

Жалғаулықсыз

қарсылықты

салалас

құрмалас

құрамындағы

жай сөйлемдер

арасына үтір,

сызықша

қойылады.

 

Төл сөз бен автор сөзі арасына

сызықша үтірмен,

леп белгісімен

қабаттаса келуі,

сондай-ақ тырнақша мен үтір, көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілері қабаттаса қойылуы да мүмкін.

 

Мысалы: Осылай

боларын білдім бе

мен?!

Мына жайды байқадың ба?..Көнгім

келмеді, —

амалым не?

«Көзіңе қарамайсың ба?!» — деп шаңқ етті.

 

Жаттығумен жұмыс:     129-жаттығу.  Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп,дауыс ырғағымен оқып көріңдер.

 

Шығармашылық жұмыс: Өздеріңнің қатты қунаған кездеріңді еске түсіріп,сол сезімдеріңді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып, жазбаша түрде суреттеңдер.

 

Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерге, морфологиялық, синтаксистік талдау жүргізеді.

 

Білімді бекіту :   Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :   130-жаттығу.