Ертегілер арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеу

 

Шығармашылық жұмысының тақырыбы: Ертегілер арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеу

Мақсаты: Ертегі арқылы балалардың тыныс- тіршілігін, әдет- ғұрыптары мен дәстүрлерін, бақыт жолындағы күресін, өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтарын, еңбексүйгіштігін, өз халқына, Отанына, туып – өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

 

Кіріспе

Жалпы алатын болсақ, ертегілер — балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал. Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ жас ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар, рухани қазына жатыр. Сондықтан да, біз сол бай мұраны пайдалана отырып, балалардың бойына әдемілік, әсемдік қасиеттерін дамыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына, жүрегіне ұялататын осы ертегілер екенін естен шығармауымыз керек. Сондай – ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда балалар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады. Осы мақсатта жүргізген ұйымдастырылған оқу іс-әректімді және  ата-анамен жүргізген «Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс» атты  тренингті ұсынамын.

 

Технологиялық карта №____

Тақырыбы:Ормандағы шырша тойы

Білім беру саласы: Қатынас

Кіріктірілген білім салалары:  Көркем әдебиет

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесімен таныстыру

1.Білімділігі: Мерекенің белгісі шыршамен таныстыру

2.Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын байыту. Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Сурет бойынша сөйлеу дағдыларын жетілдіру

  1. Тәрбиелілігі: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызба технологиясы.

Көрнекіліктер мен құралдар: қысқы табиғат көрінісі, суреттер, жұмбақтар, ормандағы шырша тойының макеті, безендірілген шырша.

 

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБаланың іс-әрекеті
 

Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)

Ұйымдастыру бөлімі

Әдепті елдің баласы алдымен амандасып алады.

-Сәлеметсіздер ме?

Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер тілейікші.

-Аспанымыз ашық болсын

Ата-анамыз аман болсын

Бәріміз дос болайық

Бәріміз күндей жарқырайық

 

Балалар амандасады. Бір –біріне жылы тілектерін айтады.

 

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ой шақыру

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады.

Бөбектерім, айтындаршы

Бұл қай кезде болады?

 

ІІ. Қызығушылықты ояту

— Балалар, ендеше жан-жағымызға қарайықшы?

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қане, қыс айларын айтайықшы?

— Жарайсыңдар, балалар

— Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

— Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

— Жаңа  жылда нестейсіңдер?

— Бізге шырша қайдан келеді?

— Шыршаның діңі бүдір ме, әлде жұмсақ па?

— Шыршада не көп?

— Шыршаның бұтақшаларында не бар?

— Инелер қандай?

— Шырша безендірілген бе?

— Шыршада не ілініп тұр?

— Жоғарыда қандай ойыншық ілініп тұр?

— Шыршаның түсі қандай?

— Шырша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

— Біз шыршаның жанында не істейміз?

 

 

ІІІ- Ойын «Шырша құрастыру»

Жұмбақтар шешеу арқылы шыршаны құрастыру

 

 

 

1.      Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады

2.      Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем

3.      Тікен – тікен тік пісте,

Қысы, жазы бір  түсте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Жаңа сабақ

«Ормандағы шырша тойы»

Әңгімені макетті көрсету арқылы түсіндіріп беру.

V. Әңгімені баяндау

— Руслан нешеге толы?

— Ол кімдермен тұрады?

— Үйлері қайда орналасқан?

— Қысқы демалысқа Русланның үйіне кім келді?

— Руслан терезеден қарағанда қандай құстарды көрді?

— Руслан неге таң қалды?

— Олардың көңіл күйлері қандай болды?

 

VІ. Сергіту сәті

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейміз енді шыршаға

-Қуан, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

 

VІІ. Топтастыру стратегиясы

Суреттер арқылы жинақтап көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

Хормен: Қыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Қыс

— Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-Тәуелсіздік мерекесін тойлап кеттік.

— Жаңа  жыл

— Шырша құрамыз

— Орманнан

— Бүдір

— Бұтақшалар

— Инелер

— Өткір, жасыл, тікен

— Ия

— Ойыншықтар

— Жұлдызшы

— Жасыл

— Үшбұрышқа

— Өлең айтамыз, билейміз, айналамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

— мұз

 

— шана

 

 

— шырша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— 6 –ға

— Ата-анасы, әжесімен

— Орманның қиыр шетінде

— Ағасы Тимур

-Суық торғай мен шымшық

— Қоян сәбіз жеп отырғанына

— Мәз болып қуанды.

 

 

 

 

Сергіту сәтін  педагогпен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың алдына жыл мезгілдерінің суреттерін қоямыз. Балалар өздері сол суреттердің ішінен қыс мезгілін тауып тақтаға жапсырады.

Рефлекция

(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

VІІІ. ВЕНН диаграммасымен қорытындылау

 

ІX. Мадақтау

Белсенді қатысқан балаларға мадақтау қағазын тапсыру

 

 

 

 

Мадақтау

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерден айырмашылығын

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйренді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Топпен жұмыс жасай білді.  Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланды.

Картаны толтырған тәрбиеші: Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы

 

Ата-анамен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: “Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс”

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балалардың  білімге,  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Формасы: ата-аналар арасында тренинг

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жүрек суреті, жұмсақ ойыншық, қалам, түрлі — түсі конверт

 

І. Кіріспе бөлім:

  — Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы — өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын …. адамның ең басты шаттығы  болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.  Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.  Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы  саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты  – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж  етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен  жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады,  қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны  іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала  отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар  баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,  еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын  тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл  бөлуді ешқашан естен шығармайық.

А.С.Макаренко «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген екен.

 

«Танысу» жаттығуы

Қолымдағы допты бір- бірімізге беру арқылы  есімдерін ататқыза отырып өз  бойындағы үш қасиетін кезекпен айту.

 

 

 

 

 

«Менің отбасым»

Өзіміздің отбасымызды  гүл бейнесімен суреттеп  салып,  талдап өтейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-қозғау

Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады.

 

Сұрақ -жауап

Сіз балаңызды  таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?

Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

Балаңыздың тәтті қылықтары

Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

 

 

Бой сергіту сәті

«Тамаша, тамаша, ша, ша, ша. Гриса, гриса, са, са, са»

 

Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма  кірсін»  -деп перзентін әлпештеп өсірген  ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.

Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

 

   Жағымсыз қылық                               Жақсы қасиеттер
  
  

 С и т у а ц  и я  л  ы  қ   с ұ р а қ т а р

1 – сұрақ

«Балаңыз балабақшадан шағым айтып келді. Тәрбиеші ұрысқанын, енді балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2 – сұрақ

«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай қоймастан жылай бастады. Сіздің әрекетіңіз?»

3 – сұрақ

Сіз тәрбиелі отбасысыз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара    жатқанын  байқадыңыз,  балаңызды қалай  қорғап қаласыз.

4 – сұрақ

Құттықтаймыз! сыйлық  алдыңыз

«Өмір ағашы»

Сіздердің алдарыңыздағы жапырақ – балаларыңыз, енді осы жапыраққа өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

 

 

Қорытынды сөз

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

 

Өткізген: Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы