Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер

Сабақтың тақырыбы:    Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер

Сабақтың мақсаты:  а) шешендер мен билер  туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды  елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                             аралас   сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөздің қандай түрлері бар?

3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазіргі тілімізде   «би», «шешен» сөздерінің мағынасын бір түсінікпен алу қалыптасқан.

Би-дау-жанжалға билік айтушы.

      Шешен  -сөзге шебер,тілге жүйрік адам.

Қазақ тіліндегі ортақ мағынаға көшуі ел ішіндегі дау-жанжалды шешетін би болу үшін сөзді қиыннан қиыстырып тауып сөйлейтін,ойын шебер жеткізетін қасиет қажеттігінен туған.

Би-халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білетін сөз жарысында шешендігімен, тапқырлығымен ,даулы істе әділдігімен танылса ғана елге жаққан,халық қадірлеген.

 

 Кітаппен жұмыс:  Мәтінді топ бойынша бөліктерге бөліп оқыңдар да басқа топтарға өздерің оқыған мәтінді барынша шебер әңгімелеңдер. Екінші топ осы айтылған әңгіме бойынша  үшінші топқа сұрақ әзірлесін. Олар соған жауап береді. 1-2 топ жауаптарын бағалайды. Осы тәртіппен басқа топтарға да кезек беріледі.

 

Шығармашылық тапсырма:  Мына сөздердің мағынасын тауып әр атауға мақал-мәтел жазыңдар

             Ру,тайпа, халық, жүз, ұлыс, ел, жұрт, ағайын

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 13-жаттығу.