Ойталқы

Сабақтың тақырыбы:            Ойталқы

Сабақтың мақсаты:   білімділік – ойталқының сөз таласы екенін  және оның мақсатын түсіндіру;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                               дебат  сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

Ойталқы-қоғамдық маңызды мәселені талқылау. Ойталқының басқа пікірталастардан ерекшелігі талқылауға түскен мәселенің қойылысы,мақсаты түпкі нәтижесі, т.б сипаттарынан танылады.

 

Ойталқы жиылған топқа талқылауға ұсынылар сөз таласы
Ұсынылар тақырып алдын ала белгіленедіТүрлі көзқарастарды талдай отырып,оң шешім мүмкіндіктерін табуОртақ шешімге келу міндетті емесҒылыми және қоғамдық тақырып талданадыБірнеше адам баяндама,

хабарлама да жасауына болады.

Ғылыми тақырыпты, көркем шығарманы талқылау, «Дөңгелек үстел», т.бҚатысушылар саны үш-төрттен он бес жиырмаға дейін болу мүмкін.

 

Жаттығумен жұмыс:   32-жаттығу    «Әрқашан шындықты ғана айту қажет пе?» тақырыбына дебат ұйымдастырыңдар. Үш топқа бөлінеді. Екі топ тақырыптар бойынша сөйлейді. Үшінші топ талдау жасай отыра, оларды әділ бағалайды.

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

  1. Пікірталастың пікіралмасудан қандай айырмашылығы бар?
  2. Ойталқы дегеніміз не?
  3. Дебат дегеніміз не?
  4. Жарыссөз дегеніміз не?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    қайталау