Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы

Сабақтың тақырыбы:            Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы

Сабақтың мақсаты:   білімділік  —  оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету;

тәрбиелік – оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                                аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру,  жарнамалау т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

Жарнама мен ақпарат беру, мәлімет таратудың арасында ұқсастық та бар. Мысалы, концертке келу, көрмеге шақыру т.б сияқты әрі ақпараттық және жарнамалық үлгілер кездеседі. Жарнама болу үшін ең бастыс  ақпарат беру және жарнамалап отырған істің тыңдаушыға керек екеніне сендіру мақсаты қойылады. Осындай ерекшелігіне қарай жарнаманы:

  1. Хабарландыру-жарнама
  2. Аңдатпа –жарнама
  3. хабарлама –жарнама деп бөлуге болады.

Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы

Ақпаратжарнама
Өткен,өтетін оқиға (немесе зат) жайында айтадыӨтетін оқиға (немесе зат) жайында айтады
Неғұрлым жан-жақты мол мағлұмат беруНақты, кең көлемде айту міндетті емес
Бейнелеп,суреттеу міндетті емесКөркем,бейнелі назар аударатындай
Хабарлама,ақпарат беруСатып алу, пайдалану,қолдау

 

Жаттығумен жұмыс:   36-жаттығу   «Менің тауарымды сатып алыңдар» ойыны

  1. Қарындаш,сөмке,қалам, т.б заттарын сату үшін жарнамалау.
  2. Сыныптан 3-4 оқушы шығып, әркім өз заттарын кезек-кезек,қатар-қатар тұрып жарнамалайды.
  3. Ойын соңында кімнің жарнамасы жақсы шықса (заты өткен оқушы), жеңіске жетеді.

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:     Ұнаған көркем әдебиеттеріне жарнама жазып келу