Талғаулы салалас

Сабақтың тақырыбы:     Талғаулы салалас

Сабақтың мақсаты:             а) оқушыларға   талғаулы салалас  сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз,дербес әрекеттерді баяндайды да,солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады,араларына үтір қойылады.

   Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар:не, немесе,я,яки,болмаса,я болмаса,әйтпесе,әлде.

Мысалдар: Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек,не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой.Өзі кетіп құтылды,әйтпесе өзіміз-ақ тастатқлы жүр едік.Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.

 

Жаттығумен жұмыс:            114-жаттығу.  Мәтіннен талғаулы салаласты теріп жазыңдар да, қалай құрмаласып тұрғандарын түсіндіріңдер.

 

  Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  талдау жүргізеді.

Шығармашылық  жұмыс:    115-жаттығу.   Екі топтағы жай сөйлемдерді  талғаулы салалас етіп құрап, тыныс белгілерін қойыңдар.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:        Ережелерді жаттау.