Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы:     Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:    а) Са бақтас  құрмалас сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   талдау, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     слайдтар, тірек сызбалар,, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып,соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

   Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді.Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.

Сабақтас құрмаласты былай көрсетуге болады.

Бағыныңқы
Басыңқы

 

 

                                         ,

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының сызбасы

Бағыныңқының баяндауышыТұлғалық белгісіСызбасы
1.Шартты рай-са, -себағыныңқы                            басыңқы

/………………./     барса,          /……………../.

2.Көсемше-а, -е, -й, -ып, -іп –п, -қалы, -келі,

-ғалы, -гелі

/………………./  келе,        /………………./.

/………………./  ойлап,     /………………./

/………………/  естігелі,   /………………../.

3.Есімше-ған              -ша, -ше

(ген)            -дай (-дей)

 

-ған              -да,-де

(-ген)          -мен

-дықтан

ған               (-діктен)

(-ген)           сайын

Соң

кезде                                  (шақта,уақытта)

-ған -ға

шейін

(-ген+ге)

бері

-ған + нан         кейін

(-ген + нен        бұрын

/………………../  көргенше,  /- — — — — — — — /.

 

/…………………/ оқығандай,  /- — — — — — — — /.

/…………………./ жазғанда,   /- — — — — — — — -/.

/…………………/  білгенмен,  /- — — — — — —  — — /.

/……../ танығандықтан,  /- — — — — /.

/………/  оқыған сайын,  / — — — — — /.

/………./  барған соң,  / — — — — — — /.

 

/………./  естіген кезде,  / — — — — /.

/……………./   келгенге шейін,     /- — — — /

/……………/  айтқаннан бері,       / — — — — — /

4. Етістік негізді-ысымен (ісімен)/…………………….   келісемін,   / — — — — — — — /.

 

Жаттығумен жұмыс:            120-жаттығу.  Мәтінді оқып шығып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас,қайсысы сабақтас екенін анықтаңдар.Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.

  Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге  сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:         121-жаттығу.