Құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы:     Құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:    а) Білімділік: Құрмалас  сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

 б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:    сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу

Сабақтың көрнекілігі:                интерактивті тақта,слайдтар,кестелер

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

               Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан  жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір:екеуі де ойды (бірі – жалаң ойды,екіншісі – күрделі ойды) білдіреді,ойды жарыққа шығарады,оны басқаларға білдіреді,сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.

Құрамы жағынан алғанда,жай сөйлем жеке сөздерден құралады.Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп,құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.

Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр.Оның алдында бірнеше хаттар жатыр.

Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып,мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.

   Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.Олардың ерекшеліктері төмендегідей:

түріереже
Салалас құрмалас сөйлемҚұрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемЖай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.
Аралас құрмалас сөйлемКемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысады.

Жаттығумен жұмыс:           93-жаттығу.   Берілген сөйлемдерден  қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді  таладау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        94-жаттығу.