Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың мақсаты:
а) А.Құнанбайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?
- Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай жолдар,сөздер арқылы берілген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайдың өмірін және шығармаларын тірек сызбалар арқылы түсіндіремін.
өлеңдері поэмалары күйлері
аудармалары әндері қара сөздері
Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.
Сөздікпен жұмыс: қансонар-жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі
Ғанибет-қызық,тамаша
Томаға-бүркіттің екі көзін жауып тұруүшін кигізетін бас киімі
Қырымнан-алыстан
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің?
- Өлең мазмұнынан бүркітпен аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
- Өлеңдегі аңшы,қағушы,оның достарының көңіл-күйі,сезімі қай жолдар арқылы беріледі?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқып келу.