Ахмет Байтұрсынұлы

Сабақтың тақырыбы:          Ахмет Байтұрсынұлы

Сабақтың мақсаты:

а)  А Байтұрсынұлының өмірінен  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Ахметті жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?

2.Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ахмет Байтұрсынұлы   1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысының  5-ауылында,Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.

Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы  Байтұрсын Шошақов-арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған: Байтұрсын,Ақтас,Ерғаза,Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы,намысқор болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса  бермей,оларға тынышсыздау болады. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын  15 жылға «Итжеккенге» -Сібірге каторгіге кеседі. Бұл -1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді.

Тірек сызбамен  жұмыс:

Мысал өлеңдеріөлеңдерімақалаларыҒылыми еңбектері
«Аққу,шортан,һәм шаян»

«Қасқыр мен қозы»

«Қайырымды түлкі»

«Өгіз бен бақа»

«Ат пен есек»

«Қартайған арыстан»

 

«Адамдық диханшы»

«Досыма хат»

«Жауға түскен жан сыры»

«Анама хат»

 

«Қазақтың бас ақыны»

«Тағы да народный сот хақында»

«Қазақ жерін алу турасындағы низам»

«Земство»

«Оқу құралы»

«Тіл құралы»

«Баяншы»

«Сауат ашқыш»

«Әліп-би  астары»

.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:            А.Байтұрсынұлының өмірбаянын оқып келу.