Жамбыл Жабаев «Аттандыру»

 

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Аттандыру»

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың  шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     арлас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жамбылдың  ұстазы кім?

  1. Қандай дастанын білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Аттандыру» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлын Ұлы Отан соғысына аттандырғанда айтқан бата іспеттес өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Топпен жұмыс: Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргені жайында ойларын ортаға салып,әңгіме жүргізеді.

Кітаппен жұмыс:      Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

5                   3

Атаңнан бата// ал,балам,

Арғымақ атқа// мін,балам!

Ақ сақалым// желбіреп,

Артыңнан қарап //мен қалам;

1 шумақ ,     4. тармақ ,     8 бунақ ,  8 буынды

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Жамбыл кімдермен айтысқан?
  2. Есімін неге Жамбыл деп қойған?
  3. Қандай атақты ақынды жеңді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             Ж.Жабаевтың  «Аттандыру» өлеңін жаттап  келу.