С. Сейфуллин «Қамаудан»

Сабақтың тақырыбы:             С.Сейфуллин  «Қамаудан»

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға жүз жасаған алып ақын Сәкеннің  шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында  оқушыларды өз ойын айта білуге,  мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     арлас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Сейфуллинің «Сыр сандық» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1Достық дегенді қалай түсінесің?

  1. Жақсы досты қалай табу керек?
  2. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

С.Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы, 20 жасында Қазанда басылады. Жинақтағы өлеңдер ағартушылық бағытта, сыншыл реализммен жазылған.

Сәкен 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде,Аненковтің азап вагонында,Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді.   1919 жылы наурыз айында тұтқындар лагерінен қашып шығып  біраз қызметтер атқарады.

1938 жылы сталиндік жазалауға ұшырайды. Міне , осындай қиыншылықта түрмеде отырып «Қамаудан» өлеңін шығарады.  Өлеңді мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын түсіндіремін.

Дәптермен   жұмыс:  Өлеңдегі тың,бейнелі,айшықты сөздерді тауып дәптерлеріне жазады..

Кітаппен жұмыс:      Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
  2. Тұтқын бостандықты неге теңейді?
  3. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:              С.Сейфуллиннің   «Қамаудан» өлеңін жаттап  келу.