Қ.Ысқақ «Қоңыр күз еді»

 

Сабақтың тақырыбы:             Қ.Ысқақ     «Қоңыр күз еді»

Сабақтың мақсаты:

а)    Қ.Ысқақтың   өмірбаянын  шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін  таныту;

ә)  өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б)  қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі:               дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:              сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,шығармалары  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                                   а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Шығармада баяндалатын уақиға қай жылдары,қандай жағдайда  байланысты өтеді?
  2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?
  3. Бахтияр бағы,оның тал-теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның  басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі –Қалихан Ысқақ. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы    Топқайың ауылында дүниеге келген.

Повестері:  «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны»

Романы:     «Тұйық», « Қараорман», «Ақсу-жер жаннаты»

«Қоңыр күз еді» повесінің қышқаша мазмұнын  айтып беремін.

 

Кітаппен  жұмыс:   Жазушының  күзді,адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін тауып оқйды.

Әдебиет теориясынан түсінік беру.      Повесть бұл орыс әдебиеті арқылы  әдебиеттану ғылымына  енген жанр.  Оны А.Байтұрсынов «ұзақ әңгіме» деп алса ,қазіргі қазақ әдебиетінде  «хикаят», «баян» деп те жүр.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қасым неге күзді еске алып отыр?
  2. Алтын сыныптағы қандай қыз еді?
  3.  Алтынға деген  Қасымның балалық ғашық сезімі  қалай көрінеді?
  4. Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды?
  5. Мұғалімі Алматай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін  қалай байқады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесін оқып,құрылысына қарай талдап келу.