Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Сабақтың тақырыбы:            Оралхан Бөкей  «Тортай мінер ақ боз ат»

Сабақтың мақсаты:

а)  Оралхан Бөкейдің   өмірінен  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:                аралас   сабақ

Сабақтың әдісі:                сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Жусан иісі рақылы жазушы оқырманына қандай ой тастайды?
  2. Аян сендерге қандай әсер қалдырды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Оралхан  бөкей  1943 жылы Шығыс Қазақстанның Қатон-Қарағай  ауданында қарапайым  адамдардың отбасында  дүниеге келеді.  1963 жылы ол Қазақ Мемлекеттік униветситетінің  журналистка бөліміне түсіп,сырттай оқып, ауылдағы жұмысты атқара береді.

Оралхан Бөкейдің  «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнын қысқаша түсіндіремін.

Шығармашалақ  жұмыс:  Бас кейіпкерлері еңбекқор талапты да,арманшыл балаларға мінездеме беріңдер.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Тортай қандай бала?
  2. Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?
  3. Тортай неге арманына жете алмады?
  1. Кітаптың адам өмірі,мінезі үшін қандай  маңызы бар?

 

       Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:       Оралхан Бөкейдің  «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқып келу.