«Қазақстан – 2050 стратегиясы:

111

 

Құрметті замандастар!!! Біз кеше ғана барша халық болып, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын тындадық.

Біз бақытты ұрпақпыз, бейбіт өмір кешіп жатырмыз, бұл әрине елбасымыздың сарабдау саясатымен көрегендігінің арқасы. Елбасы өз жолдауында өз алдына және халық алдына дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойды. Әрине бұл мақсаттқа жету үшін әр-бір азамат өз үлесін қосу керек. Менің ойымша ол біріншіден жалынды жастардың қолында, сондықтан осы орайда елбасымыз «жастар ісіне, жастар саясатына баса назар аудара отырып, жастардың лайықты еңбек етуі еліміздің кемел келешегі» – деп атап өтті.

Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.

Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.

«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», — деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республика көлемінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны біздерге бәрімізге белгілі.

Менің алға қойған мақсатым келер ұрпаққа сапалы біліммен саналы тәрбие беру. Осы орайда еңбегімді еш аямаймын, елбасымыздың үмітін ақтаймын және де барлық жалынды жастарды дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін өз үлесін қосуға шақырамын.

Ендігі тілегім «Еліміздің мәңгі жасай берсін, Президентіміз жасасын!!!». «Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, Көрінді көш алдында дара тұлғаң», — деп ақын айтқандай Қазақстанда алып кеме, сол кеменің басшысы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевты мақтан етіп, үлгі тұтамын.