Сағат. Сыйлауға балама?

205
Сағат
Сағат

Міне көптен күткен жаңа жылда жақындап қалды. Барлығы келер жылға дайындық үстінде. Айнала бұрын соңды болмаған күйге еніп кеткен. Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алғанға не жетсін. Үлкендер кішілерге, жігіттер қыздарға өздерінің сыйлықтарын дайындап жатыр. Өткен жылмен барлық қиындықтарды қалдырып, жаңа жылда бар жақсылықтарды күтеміз. Осы күндері сыйлық таңдауда барлығы қатты мән береді. Сыйлығымыз адамға керекті, үнемі есіне салып тұратын зат болса екен деп ойлаймыз. Сондықтан көп адамның ойы сағатқа келіп тіреледі. Осы сағатты сыйлар алдында менің есіме ырымдар түсіп кетеді

Ырымға сенетін адамдар үшін өте қиын. Мәселен, Қытайда сағат сыйлау адамды жерлеу рәсіміне шақырған болып есептеледі екен. Ырым бойынша ол қайтыс болған адаммен қоштасқан уақытты көрсетеді. Бұл ырым қорқынышты ма қалай өзі?

Ал, Жапондарда сағат сыйлау өлім тілегенмен бірдей екен. Батыс елдерінде сағатты суық қарумен теңестіреді екен. Өйткені оның өткір айналатындары кесетін пышақтармен теңестірілген. Ал, пышақты сыйлауға болмайды. Ол ұрыстырудың белгісі болып саналады екен. Естімеген елде көп деген осы шығар. Жалпы сағат сыйлау адаммен ұрысып қалудың немесе ажыраудың сылтауы ретінде қарастырады екен.

Сағат — өмірдің белгісі. Ол уақытпен қатар орын алады. Сағаттың мистикалық орындарда істемей қалатынын, немесе бұрынғыдай соқпай қалатынын естіп жүрген боларсыз. Сағат өмірдің өлшеуші құралы болып саналады. Өткенді өзгертуге, болашақты болжауға болмайды. Сағатпен оның егесінің арасындағы тылсым бір байланыс барын талай естіп жүрген боларсыз. Айтулары бойынша адам өлген кезде сағат та тоқтап қалатын көрінеді. Бұның рас, өтірігін ешкім білмейді. Бірақ осындай сыйлық сыйлаған дұрыс па, әлде бұрыс па?

Сыйлық сыйлар алдында, сіз ырымға сенесіз ба? Соны шешіп алған жөн. Өйткені сыйларына сыйлап алып ертен сары уаымға салынып кетуіңіз мүмкін. (Жалпы ырымға сенсең орындалатын сияқтыма қалай өзі?). Сыйлаған сыйлығыңыз сыйлаушыға керек па, оны қаншалықты қуантады?

Ал, егер сізге сыйласа, сол сыйлыққа сай құнын төлеңіз, немесе сізде сыйлық сыйлаңыз. Сонда сыйлық емес, сатып алған боласыз. Сізге ешқандай ырым әсер етпейді.

Жалпы бұның бәрі бұрынғының әлегі. Өзіңіз ойлап көріңізші, сіздің сыйлаған сыйлығыңызбен ол жаңа жылдаң жаңа минуттарын қарсы алады. Жүзіне күлкі ұялайды. Оған қоса жақсы тілек айтсаңыз бақытты болады. Жалпы сағат сыйлау немесе сыйламау өз еркіңіз. Ең бастысы ол сыйлаған адамға ұнаса болғаны. Қалғаны маңызды емес.

Ал сіз жаңа жылға не сыйлар едіңіз? (коментариға жазамыз)