Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың мақсаты: 1) шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету; 2) оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу; 3) балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:  сот сабақ


Сабақтың әдісі. Сұхбаттасу (қаралаушы,куә,күнәқар),айтыс,дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс: жануартану.

Көрнекілігі:  Мұхтар портреті,бүктеме,нақыл сөздер,сот киімін,қасқыр «киімін» киген оқушылар.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысын,мақсатын түсіндіру.Сот,адвокат,прокурор,куәгер сөздерінің мағынасына тоқталу,ашу.


2.Үй тапсырмасын сұрау.

Ұлы жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өміріне шолу жасайық.

      Топтастыру әдісімен.

Мұхтар Әуезов кім?

Мұхтар Әуезов туралы суреттермен жұмыс.

Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.

Ребус шешу.

Сұрақ-жауап

  1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
  2. «Көкерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
  3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.

«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.

1.Көксерек Қараадыр аулында.

2.Көксерек түз тағысы.

  1. Жекпе-жек.

Негізгі бөлім

«Көксерек»  оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.

Сот төрағасы  сот үдерісін ашық деп жариялайды.

Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.

Ақтаушылар  Көксеректің ауыл иттерінен,ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,оларды соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп,адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады.Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл – табиғаттың заңы.Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар.Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де,бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті.Себебі ол – қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи  қасиеті.Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.

Қаралаушы  өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп,оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.

Ақтаушылар. Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.Себебі ол – тағы.Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады.Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көк шолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап,жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.

«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келді» — бұл оның арланға тән қимылдары.

Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес», «татулық жоқ,суық», «көксерек оңашада,елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді.Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес,қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән,мінезіне тән әрекет жасады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімессін аяқтадық.жазушының «Көксерегі» — оның ең таңдаулы шығармалардың бірі.

Үйге тапсырма: «Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.

Бағалау.Қорытынды.