Қазыбек би мен Бұқар жырау

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5
  3. Күні, айы, жылы: 18 қараша
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы:     Қазыбек би  мен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік  сөздері туралы түсінік  беру, оқушылардың  білім  көзқарасын  жинақтап  қорыту.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру.
  3. Дамытушылық:  мәтінмен  жұмыс  істей  отырып, баланың  ойына  қозғау салу,  өз  бетінше  салыстыру,  қорытынды  жасай білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Байдалы бидің көңіл  айтуы  туралы  мазмұндау.

 

ІІІ. Білім  тексеру:  Сұрақ  жауап

1.Қаз  дауысты  Қазыбек би  дегеніміз  кім?

2.Қазыбек би  қай  ханның  тұсында  өмір  сүрді?

3.Қаз  дауысты  Қазыбек би  деп  аталуының  себебі  неде?

4.«Ұят пен ар  қымбат»  тақырыбында  ойтолғау  жазу.

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. «Қазбек пен Бұқар» мәтінінің мазмұнымен таныстыру.

Сонымен  Қазыбек би  қалай  жауап  берген екен?

Бір  дегеніміз – бірлігі  кеткен ел  жаман

Екі дененіміз – егесіп  өткен ер жаман.

Үш дегеніміз — үш  бұтақты  шедірден  шошынған  ат  жаман.

Төрт дегеніміз – төскейге  шыға  алмаған  кәрілік  жаман.

Бес  дегеніміз – белсеніп  шапқан  жау  жаман.

Алты  дегеніміз – аймағын  билете  алмаған  адам  жаман.

Жеті  дегеніміз – жетем  деген  мақсатына  жете  алмаған  жаман.

Сегіз  дегшеніміз – серкесіз  бастаған  қой  жаман.

Тоғыз дегеніміз – тойғаның.

Он  дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге  жеткеніңіз.

Қарт жырау бас бидің  жауабына риза  болыпты.

2.Сөздік жұмысын  жүргізу.

Үш  бұтақты  шедір – аттың  алдыңғы  екі  аяғымен  артқы  бір аяғын қосып  салынатын  тұсау.  Шедір үш  аяққа  бірдей  салынады.

Төскей – таудың  қия  беткейі, биіктеу  баурайы.

3.«Бірлігі  кеткен  ел жаман»  мәтінінің  мазмұнымен  оқушылардың  өздері  танысып  шығады.                                             

 VІ. Түсінік  тексеру: Сұрақ  жауап

Бұқар жырау «бірден  онға  дейін  санның  мағынасын»  Қазыбектен  неге  сұрады? Оның  мағынасы  қалай  екен?

Қазыбек би  шешен  тілімен  қалай  жауап  берді?

Мәтінмен  жұмыс.

«Ішіне – сыртына»  әдісін  пайдаланып,  екі  мәтінді  салыстырыңдар.

 

 

Ішіне :

«Қазбек пен Бұқар жырау»

Сыртына:

«Бірлігі  кеткен ел  жаман»

Төрт дегеніміз –төскеәге  шыға  алмаған кәрілік жаман.Төрт дегеніміз- төсектен безген жас жаман.
  
  
  
  
  
  

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Қазыбек би  мен Бұқар жыраудың  шешендік  сөздері туралы  түсінік.