«Ер есімі ел есінде!»

 

«Ер есімі ел есінде!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке баулып,Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық тәрбие беру.Ұла Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.Ой-өрісін дамытып,,лкенді сыйлай білуге,оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балабақша қызметкерлері,бүлдіршіндер!

9-мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын!

Ортаңғы «Күншуақ» тобы балаларының «Ер есімі ел есінде!»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Көрініс: Сахнада кешкі мезгіл.Тал,тас қойылған бағанаға радир орнатылған.

Сахна ашылған кезде вальс екпінімен алаңсыз жастардың билеп жүруі.

Қыздар мен жігіттер алаңсыз билеп жүрді.Билеп жатқан кезде радиодан соғыстың басталғаны хабарланады.

Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан,аттан,аттан!

Халқым майданға!

Сүйінші,халқым,сүйінші! Неміс фашистері тізе бүгіп, жеңілгендерін мойындапты.Жеңіс! Жеңіс! Біз жеңдікі!

Марш әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем,шуақ- Тоғызыншы май күні.

Айтшы кәне, біздің жеңіс шеруі,

Кездейсоқ па,көктемге сай келуі.

Біздің ұлы жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні,

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Құрметті қонақтар,балалар! Бүгінгі көптен күткен салтанатты күн,зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70-ші көктеміне де келіп жеттік.

Биыл-Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр.Тарих көші үнемі  жаңаланып отырады.Оның парақтарында ұмытылмайтын тарихи оқиғалар болады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының қасіреті мен

Ұлы Жеңістің қасиетін,ешқашан үмытқан емес,ұмытылмайды да! 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия елімізге басып кірді. Сол кездегі Кеңестік елдің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда сұрапыл  соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды.

Жеңіс күніне арналған өнерлерін тамашалаңыздар.

Ән:  «Ел қорғауға әзірміз»

Әдемі:

Жеңіс атты балалар ағалар

Бұл ауылда жиырма бар

Тілін алып балалар

Ағаларды сыйлаңдар.

Мансур:

Олар сонау ерлердің

Алып берген жемісі

Біз олардыңбөбегі

Біз олардың жемісі.

Азамат Н:

Бейбіт күн тыныштық

Біз үшін тым ыстық

Тыныштық тұтқасы

Ынтымақ туыстық.

Аяла:

Бізде солдат боламыз

Қолға қару аламыз

Біздер әлі ертеміз

Бақшадағы баламыз.

Айкөркем:

Ойлап-ойлап жүрдім көп

Сауал бердім білгім кеп

Қуанышты мереке

Жеңіс күні қай күн!-деп.

Ән: «Батыр бала Болатбек»

Би: «Катюша»

Саят:

Жойылды жер шулайды

Өрт ішінде қалды бақ

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

Арайлым:

Біздер үшін жанын қиған

Бас иеміз жандпрға

Атақ даңқын жеткіземіз

Ертеңгі атар таңдарға

Алтынай:

Жеңістің туы жалтылдап

Жоғалмай мәңгі тұрады

Сол тумен өске аршылдар

Ерлердің бізбіз ұраны.

Салтанат:

Атамнан да сұрадым

Папамнан да сұрадым

Ағамнан да сұрадым

Анамнан да сұрадым

Тосты бәрі құлағын

Дұрыс десті сұрағың

Бейбіт еүннің бәрі

Жеңіс күні шырағым.

Мерей:

Өмірін қиған елі үшін

Сыңғырлап өңкей келісім

Есімін қайсар Мәншуктің

Қыздарға әсем телісін

Іңкәр:

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға.

Гүлсезім:

Алғыс алған отаннан

Батыр солдат атанған

Достары көп қахарман

Менің атам майдангер.

Жүргізуші:

Мектебіне,бақшасына бүлдіршін,

Барсын,күлсін,анасымен бір жүрсін

Бейбітшілік күні жанса төбеде,

Әлия,Мәншүк біреу емес,мың гүлсің.

Ән: «Мәншүк апай»

Әлшер:

Жалын боп олар жанғандар

Жауына ойран салғандар

Ерлікпен елде мәңгілік

Ескерткіш болып қалғандар.

Мирас:

Ерлердің аты өлмейді

Шырағы мәңгі сөнбейді.

Айбар:

Ұлан біздің анамыз

Ұлан біздің панамыз

Ақтай бісек ер атын

Елден алғыс аламыз.

С.Азамат:

Тастар көкке атылды

Орман шулап тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

Ердәулет:

Отан үшін от кешкен

Өлімменен беттескен

омырауын оқ тескен

менің атам майдангер.

Ақжол:

Даңққа бөлеп жер бетін

Күн сүйіп жарқын келбетін

Алауда мәңгі жалыны

Алаулап тұрған ерлер кім.

Ізім:

Бақтағы гүлдер балбырап

Тұп тынық шықпен жылайды

Көктемнің күні жадырап

Көшеге халық ту ілді.

Ән: «Салдат болам мен ертең»

Жүргізуші:

Бейбітшілік нұрына

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіріп,

Бейбітшілік жеңеді!

Би: «Ақ көгершін»

Бүгінгі ертеңгілігімізді «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.