15+9+х=30 түріндегі құрылымы күрделі теңдеуді шешу. Жазбаша азайту тәсілдерін бекіту

Сабақтың тақырыбы: 15+9+х=30 түріндегі құрылымы күрделі теңдеуді шешу.Жазбаша азайту тәсілдерін бекіту.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға оқушыларды дағдыландыра түсу.
Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіре отырып шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: отан сүйгіштік, ұжымдық сезімдерін салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Әдіс — тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, түсіндірмелі иллюстративті.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған парақтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен жоспарын қысқаша таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Үй жұмысын тексеру.
Жоспары:
Бәйге
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Бойы сергектің, ойы да сергек.
Кім шапшаң?
Тапқыр болсаң, тауып көр
Қайталау – білім анасы. Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.

І кезең «Бәйге»
Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (Тік төртбұрыш)
Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (Шаршы)
Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табамыз)
Жаңа материалмен таныстыру.

№1. Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықта.Олардың мәнін тап.

15+9+3=7                      (35+23)+14=72               70-(5+6)=59

(30-15)+4=19                 48+(45-30)=63                80-(13+9)=58

ІІ кезең «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
№2 Суретті қара.

Сурет бойынша теңдеу құрастыр.

15+9+х= 30
24+х=30
Х=30 — 24
Х=6
15+9+6=30
30=30

Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?

Алдымен оны жеңілдету,яғни қарапайым теңдеуге айналдыру керек.Мүмкін сен теңдеудің  сол жақ бөлігінің қосындысын табу керек екенін байқаған шығарсың?

Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін барлы ықтимал есептеулерді орындап,   алдымен оның бір жақ бөлігін жеңілдету керек.

III кезең «Бойы сергектің ойы да сергек»

№3 Теңдеуді шеш.

 

35+23+x=100                               x-(23+17)=60                      70-a=8+9+2

58+x=100                                     x-40=60                               70-a=19

x=100-58                                      x=60+40                               a=70-19

x=42                                              x=100                                   a=51

35+23+42=100                              100-(23+17)=60                  70-51=8+9+2

 

(30-15)+y=80                                a+(45-30)=75                         x+12=50-(15+5)

15+y=80                                        a+15=75                                 x+12=30

y=80-15                                         a=75-15                                  x=30-12

y=65                                               a=60                                       x=18

(30-15)+65=80                              60+(45-30)=75                       18+12=50-(15+5)

IV кезең «Кім шапшаң

№4 Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.

46+44 =89          98-35=63                  50-17 =33                                  37+19= 56

57+29 =86         100-89=11                 90-65= 25                                  70+19= 89

50-38= 12          70-63=7                   57+18 = 75                                 17+9= 26

 

V кезең « Тапқыр болсаң, тауып көр»
№5 Теңдеу құрастырып,есептерді шығар.

а) Ұзындығы 56м оралған сым темірден бірнеше метр қиып алынғаннан кейін, тағы 14 м қалды. Орамнан неше метр сым қиып алынды?
56 — X=14
X=56 — 14
X=42
56 — 42=14 Жауабы: 14 метр сым қиып алынды.
ә) Орамнан алдымен 19 м сым темір қиып алынды. Орамда тағы сонша метр сым темір қалды. Орамда неше метр сым темір болған?
X — 19=19
X=19+19
X=38
38 — 19=19 Жауабы: 19 метр сым болған.

Қорытынды:
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Теңдеу нешеге бөлінеді?
Үйге тапсырма: № 6, 7 143 бет
Бағалау:
Шығамын десең биік шыңның басына, Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа. Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!
Назарларыңызға рахмет! Сабақ бітті