Наурыз мейрамы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамдары туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Қазақтың ұлттық мейрамдары туралы біледі. Барлығы
2. Наурыз мейрамы шығу тарихын зерттейді. Көпшілігі
3. Қазақ халқының ұлттық мейрамын басқа халықтардың ұлттық мейрамдармен салыстыра алады. Мысал келтіре алады. Талантты және дарынды оқушылар
Керекті жабдықтар:
оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей), интернет материалдары.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, үйтапсырмасын тексеру,«Кемпірқосақ әдісі » жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, стикердегі диалог, формативті бағалау түрлері т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе:
3-5 минут
Сыныппен амандасамын. Сыныпты топқа бөлемін.Тренинг өткіземін.
Үйтапсырмасын тексеру: Сәулет ескерткіштер
Кесенелер туралы қосымша алып келген мәліметтерін тексеріп,сұраймын.
Илюстрациялау: Кесенелердің фотоларын рет-ретімен орналастыру.
Сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады.

Кесенелер туралы қосымша алып келген мәліметтерін оқып береді.
Кесенелердің фотоларын рет-ретімен орналастырады.
Тұсаукесер:
8-10 минут

Ой қозғау: түрткі сұрақ қоямын.
Қазақ халқының қандай ұлттық мейрамдарын білесіңдер? Видео ролик көрсетемін.
Жаңа тақырып: Наурыз мейрамы

Оқушылар қойылған сұраққа жауап береді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.
Сабақ мақсатын анықтайды.
Сабақ критерийлерін шығарады:
 Қазақтың ұлттық мейрамдары туралы білу.
 Наурыз мейрамы шығу тарихын зерттеу.
 Қазақ халқының ұлттық мейрамын басқа халықтардың ұлттық мейрамдармен салыстыру.
 Жинақтау,сұрақтар қою арқылы бекіту.
 Қолдану,тапсырмалармен жұмыстану.
 Бағалау
Негізгі бөлім:
10-15 минут
Қорытынды
8-10 минут
Оқулықпен жұмыс. «Кемпірқосақ әдісі»
Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау.Әр оқушыға қол жетімді тапсырмалар беру.
I.Қызығушылықты ояту.
Білемін Білгім келеді Білдім

II.Мағынаны тану.
«Наурыз » сөзінің мағынасын ашу.
«Ұлыстың ұлы күні » дегенді қалай түсінесің?

III. Ой-толғаныс.
Кестені толтырыңдар.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері Наурызға қатысты бата тілектер Қазақ халқының ұлттық ойындары

Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады.
Әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндіреді.
оқу техникасын дамытады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйренеді.
Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.

Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.
Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады
Бағалау
3-5 минут

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
Үйге тапсырма: Наурыз мерекесінің тойлануы туралы әңгіме құрастырып келу.
Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнады, көгіне не түсініксіз болғанын жаза қойыңыз.Тақтаға іліп кетулеріңізді өтінемін.
Рефлексия жазу: «Бүгінгі сабақ туралы менің пікірім Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды. Бағалау парағы.
Аты-жөні Үй/тап
тексеру Жаңа/с
меңгеру Қосымша/тап Қорыт баға
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнағанын, көгіне не ұнамағанын, не түсініксіз болғанын жазады, тақтаға іліп кетеді.

«Бүгінгі сабақ туралы менің пікірім» рефлексия жазады.