Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар

Тақырыбы: «Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар»

Мақсаты:  оқушыларға проекциялаудың түрлерін таныстыра отырып, нәрсенің аксонометриялық проекциясын салу тәсілдерін үйрету. Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру. Оқушыны ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: аксонометриялық осьтер арқылы нәрсенің проекцияларын сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері:             практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  оқулық, интерактивті тақта, компьютер, сызба құралдары жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй жұмысын тексеру.  Сызбаларын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру

Аксонометриялық проекциялар барынша көрнекі және сызуға келгенде қарапайым болып табылады. «Аксонометрия» — грек сөзі, «осьтер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Нәрселерді салғанда өлшемдерді \ұзындық, ені және биіктігі\ x, y, z осьтері бойынша өлшеп салынады. Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөлінеді.

Текшені  x, y, z координаталар осьтерімен бірге Р жазықтығына 90º — тан кем бұрышпен бағытталған өзара параллель сәулелер арқылы осы жазықтыққа проекциялай отырып,

қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияны аламыз, қысқаша «диметрия», «екі өлшем» мағына білдіреді.

Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ және текшені координата осьтерімен бәрге жазықтыққа перпендикуляр сәулелермен проекцияласақ, онда тағы бір проекцияны аламыз. Ол изометриялық проекция, «тең өлшемдер» мағына білдіреді.

Фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар аксонометриялық проекциялар деп атайды.

Аксонометриялық проекцияларды салуды  x, y, z осьтерін жүргізуден бастайды.

Фронталь диметриялық проекцияда осьтердің орналасуы: x осін горизонталь, z осін вертикаль, y осін горизонталь осіне 45º бұрыш жасай отырып жүргізеді.

Изометриялық проекцияда x, y, z осьтерін өзара 120º бұрыш жасайтындай етіп сызылады.

ІҮ. Бекіту.  Бақылау сұрақтары:  Аксонометриялық проекцияның түрлерін атаңыз.

Изометрияда координат осьтері қалай орналасады?Диметрияда координат осьтері қалай орналасады?

Ү. Практикалық жұмыс. Изометрия және диметрия осьтерін дәптерге сызу.

ҮІ. Бағалау.

Үй жұмысы. §2.8