«Гуморальдық реттелу. Жүректі жаттықтырудың маңызы»

А.А.Амангалиева
биология пәнінің мұғалімі,
Жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп – балабақшасы,
Тасқала ауданы
Үшінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім

8 сынып биология
Сабақтың тақырыбы «Гуморальдық реттелу. Жүректі жаттықтырудың маңызы»
Өткізілген уақыты
Сабақтың мақсаты Гуморальдық реттелу, жүректі жаттықтырудың маңызы туралы білімді қалыптастыру
Сабақтың нәтижесі Гуморальдық реттелу, жүректі жаттықтырудың маңызы туралы білімді қалыптастырады
Сабақты өткізу әдістері Сұрақ-жауап, «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Ұсынылған ресурстар Үлестірмелі материал, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Қолданылатын ресурстар

5 мин
Кіріспе Сәлемдесу.
Үй тапсырмасын пысықтау
Cұрақтар:
-Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі қайда орналасқан?
-Жүйкелік реттелу дегеніміз не?
-Орталықтан жүрекке қозғалтқыш жүйкелердің неше тобы әсер етеді?
-Қозғалтқыш жүйкелердің қайсы бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетеді?
— Қозғалтқыш жүйкелердің қайсы бөлімі жүрек жұмысын күшейтеді?
Жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады
Жетондар
10 мин

Таныс тырылым Топқа бөлу. Биологиялық терминдерді таңдаймыз
Нұсқау: Оқушылар биологиялық терминдерді таңдап, топқа бөлінеді. Биологиялық терминдер: перикард, эпикард, миокард, эндокард
Миға шабуыл. Реттелу
Реттеу дегенде нені түсінесіңдер?
Жүрек және қан тамырлар жұмысы ретсіз қозғала ма?
Оқушылар биоло-гиялық терминдер-дің санаттарына байланысты топтарға бөлінеді
Сұрақтарға байла-нысты оқушылар өз ойларын айтады.

Сұрақтарға жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады
Терминдер жазылған стикерлер
25 мин

Негізгі бөлім «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі. Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар гуморальдық реттелу, жүректі жаттықтырудың маңызын оқулықтан оқып, А4 форматқа жүректің суретін салады. Жұптасып өз суреттері бойынша ойланып, жеке ойларын айтады. Оқушылар өздерінің жауапарымен сыныппен бөліседі

«Бірге ойлаймыз» бағалау техникасы
Нұсқау: • көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
• мұғаліміңіз жетон таратады;
• қызыл жетон түскен оқушы жауап береді;
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
Қосымша сұрақтар:
-Гуморальдық реттелу нелердің әсерінен болады?
-Жүректің жиырылу ырғағын не үдетеді?
-Жүректің қалыпты жұмыс істеуіне қандай тұздардың да әсері болады?
-Қайсы металдың ионы жүректің жұмысын баяулатады?
— Қайсы металдың ионы жүректің жұмысын күшейтеді? Мұғалімнің нұсқауы бойынша гуморальдық реттелу, жүректі жаттықтырудың маңызы туралы мәліметтерді оқулықтан оқып үйреніп, кеңесіп, өз ойларын толықтырады
Нұсқауға сәйкес жауап береді. Сұрақтарға жауап береді.

«Бірге ойлаймыз» бағалау техникасы

Оқулық, А4 формат, маркер

5 мин
Қорытынды Кері байланыс.
Саған сабақта бәрінен де не ұнады?
Сен нені үйрендің?
Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?
Нені жақсырақ істей аласың?
Оқушылардың жинаған жетондары бойынша бағалайды.
Үйге тапсырма: §35