Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға күрделі сөздер, оның түрлері, жасалу жолдары
жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру, өткен тақырыптарды
қайталау.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
З.Журнал бойынша түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сурау.
- Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
- Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Дәптерлерін алмастыру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылар «Сөзжасам» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеремін.
Алдымен оларға пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындатамын.
- Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?
- Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
- Күрделі сөздердің ерекшеліктері қандай?
- Біріккен сөздер деген не?
- Кіріккен сөздер деген не?
- Біріккен сөздерге жататын қандай күрделі атауларды білесіңдер?
- Біріккен сөздердің емлесі қандай?
- қос сөздің қандай түрлері бар?
- Қайталама қос сөздердің жасалу жолы қандай?
- Қосарлама қос сөздердің қүрамы қандай болады?
- Қос сөздің емлесін айтыңдар.
- Қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңдер.
- Тіркесті сөздердің емлесін айтыңдар.
Міне, осылайша жаңа сабақта оқушыларға пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындатып болған соң жаттығу жү_-мыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 110-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз қүрамына талдап, мағынасын түсіндіріңдер.
Келесі тапсырма: 111 -жаттығу жұмысының шарты: Төмендегі қысқарған сөздердің толық мәнін біліп, есте сақтаңдар және қысқарған түріне қосымша жалғап, сөйлем құраңдар.
Келесі тапсырма: 112-жаттығу жүмысының шарты: Өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, қос сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтып беріңдер.
Сабақтың қорытындысы:
- Сүрақ қою аркылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 113-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін: Суретте
берілген алма мен итмүрын жемістерінің адамға кандай пайдасы бар екенін тиісті
әдебиеттерді пайдалана отырып анықтаңдар. Алған мәліметтеріңді кірістіріп мәтін құраңдар.
Қолданған күрделі сөздеріңнің түрін ажыратыңдар.