Көпөлшемді жиымдар

Сабақтың тақырыбы: Көпөлшемді жиымдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға көпөлшемді жиымдар туралы жалпы бірім беру. Алдыңғы тақырыппен ұштастыру.

Дамытушылық: оқушылардың қабылдау, есте сақтау, ойлау,қабілеттерін дамыту. Оқушыларды есепті жүйелі шығара білуге, тиянақтылыққа түйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды компьютер сыныбында ереже сақтауға, мұғалімді мұқият тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: компьютер , карточка

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

  1. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)

3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)

5.Сабақты қортындылау

А)  бағалау  (2-3 мин)

Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. 2. Үй тапсырмасын сұрау.үй тапсырмасын карточка тарату арқылы сұрау, әрбір карточкада 2 сұрақтан.

Карточка №1

  1. Саналатын тип дегеніміз не?
  2. Саналатын тип қалай сипатталады?

 

 

Карточка №2

  1. Шектеуі тип дгеніміз не?
  2. Шекеул тип қалай сипатталады?

 

 

Карточка №3

  1. Жиым дегеніміз не?
  2. Жиымның негізгі параметрлері.

 

 

Карточка №4

  1. Инднкс дегеніміз не?
  2. Жиымдарды сипаттау.

 

 

Карточка №5

  1. Сызықтық және тіктөртбұрышты кестелер дегеніміз не?
  2. Индекстік айнымалылар деп қандай жиымдар аталады.

 

 

  1. Жаңа тақырып өту.

Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса – екіөлшемді және т.с.с n индекс болса, n — өлшемді жиым дейді. Бірөлшемдәі жиым вектор элементтері , ал екіөлшемді жиым мтрица бролып табылады.Жиым элементтері былай белгіленеді:

A[i], B[I,j], c[I,j,k] көпөлшемді жиым элементтерін белнгілеуге болады.

Типтер бөлімінде екіөлшемді жиым былай белгіленеді:

TYPE atau= array [1…n, 1…m] of <элементтер типі>;

Айнымалы бөлігінде осы типке жататын жиымдар көрсетілген.

VAR    A,B: atau;

Мысалы,

Type   T= array [1..4, 1…3] of real;

….

Var      C,D: T;

Мұнда индекстер әр типте сипатталып, одан соң жиым элементтерінің базалық типі көрсетілген. Егер көпөлшемді жиым құратын кезде базалық тип ретінде басқа жиым алынса, онда сипаттау бөлігі былай жазылады:

Type       vector= array[1…4] of integer;

Mssiva= array[1…4] of vector;

Var                   matr : massiv;

Егер программада жиымның бағанасы мен жолын бөліп жазу қажет болса, онда оны былай сипаттау қолайлы:

TYPE       T1= array [1…M] of <элемент типі>;

T= array [1…N] of T1;

VAR       B:T;            A:T1;

мұнда алдымен бағана типі Т1 көрсетіледі де, одан соң ол   жолдың типі арқылы матрицаның типі Т көрсетіледі.    Айнымалылар бөлігінде екіөлшемді жиым – В және бірөлшемді жиым – А  көрсетілген.

Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттайды:

VAR   В:  array [1…N, 1…M ] of  <элемент типі>;

Индекс типіне REAL , intger  стандартты типтерден өзге типтердің барлығын пайдалануға болады, ал эллементтер типі үшін паскаль тіліндегі барлық типтерді  қолдану мүмкіндігі бар.

Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторы болуы мүмкін. Мысалы жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса, онда қайталау үш рет т.с.с орындалады. Демек жиым элементерін экранға шығару үшін цикл операторын мынадай түрде орындайды:

For i:= 1 to n do

For j:= 1 to m do

Немесе экранға мәлімет шығару үшін

For i:= 1 to n do

Begin

Writeln;

For j:= 1 to m do

Write(B[I,j]:8:3)

Индекстері мен элементтерінің типтері бірдей жиымдардың бірінің мәндерін екіншісіне көшіру үшін , мысалы A:=D  меншіктеу оператрын немесе цикл операторы арқылы былай орындау мүмкіндігі бар:

For i:= 1 to 4 do A[i]:=D[i];

Жиым элементтері компьютерде тізбектеле орналасады.төменгі индексті жиым элементі кіші адрестерде, жоғары индекстегі элементтер жоғарғы адрестерде сақталады. Көпөлшемді жиымдардың оң жақ шнткі индекстері  бірінші болып өсіп отырады. Мысалы: A: array[1..5,1..5] integer  жиымы берілсе, ол компьютер жадында адрестерінің өсуі бойынша былай орналасады:

A[1,1]

A[1,2]

…….

A[1,5]

A[2,1]

A[2,2]

 

Кітаптағы 136- 139 беттегі 1,2,3,4 мысалдары қарастырып, компьютерге енгізу.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

Кітаптағы 136- 139 беттегі 1,2,3,4 мысалдары қарастырып, компьютерге енгізу.

 

 5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 133-136 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!