Жаттығу жұмысы
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі және жазбаша сөйлеу туралы білімдерін арттыру,сыпайы,мәдениетті сөйлеуге,әдепті болуға тәрбиелеу,сөздік қорын,ой-өрісін,тіл байлығын,шығармашылығын,қызығушылығын дамыту
Түрі:аралас сабақ
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,жеке-топтық жұмыс,ойын,ой қозғау,шығармашылық жұмыс,көрнекілік
Көрнекілік:слайд,кеспе қағаздар,сөзжұмбақ
Технологиясы:СТО элементтері
Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. . –Топқа бөлу.-Топ ережесі
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Ашық аспан астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
-Балалар,бүгінгі сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыға және топқа жұлдызша беріледі. Қай топтың жұлдызшасы көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. Сіздерге сәттілік тілеймін!
- II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабакта қандай тақырыппен таныстық?
- Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Ауызекі сөйлеу дегеніміз не?
Тақтаға шыққан оқушылар кеспе қағаздарымен жұмыс жасайды.
III. Жаттығу жұмысы.
Сәуірдің жиырма сегізі
Жаттығу жұмысы
Сәйкестендіру тесті.
- Кешіріңіз а) Халіңіз қалай?
- Сәлеметсіз бе ә) Кітапты алып бересіз бе?
- Ренжімесеңіз б) Сізден сұрауға бола ма?
- Айып етпеңіз в) Кіруге бола ма?
- Топппен жұмыс
1 – ші топ «Білім» тобы
2 –ші топ «Еңбек» тобы
3 – ші топ «Талап» тобы
- Оқушылар, слайдта көрсетілген сурет бойынша әңгіме құрайсыздар. Әңгімеде сыпайы сөздер болуы керек.
- Ой қозғау. «Мәдениет» сөзжұмбағын шешу.
- Атау септіктін сұрағы
- … бала – арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
- Ойпырай, бәрекелді қай сөз табы?
- Сын – қимылды білдіретін сөз табы?
- Шығыс септіктің сұрағы?
- Қоян – қорқақ аң. Көзі кыли, құлағы ұзын. Қай мәтінге жатады?
- Мен, сен, біз қай сөз табы?
- – ды, — ді, — ны, — ні қай септіктің жалғауы?
- Сергіту сәті.
Сурет бойынша әңгімелеу. «Кітапханада» тақырыбына үш топ мәтін құрайды. Салыстыру. Сыпайы сөздерді табу.
VII. Өз бетімен жұмыс.
1 – топ Бөгде адам
2 – топ Туысқан
3 – топ Сыныптасын
- Қалай сәлемдесесін?
VIII. Берілген сөздердің ішінен керекті сыпайы сөздерді теріп жазып, сөйлем құру.
- Әже мен баланың амандасуы.
- Армысыз, әже!
- Бар бол, балам!
- Күйлі – қуаттысыз ба, әже?
- Құдайға шүкір, жақсымын, балам!
Сәлемдесу үшін айтылатын сөздерді көшіріп жаз. Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?
- Сөйлеу мәнері. Телефонмен сөйлесу.
— Алло, сәлеметсіз бе?
Мен Сәуленің сыныптасы едім. Сәулені телефонға шақырып жібересіз бе?
- Самат, амансын ба? Қазір шақырайын.
- Рахмет.
-Алло, сәлеметсіз бе?
— Бұл кім?
— Мен Дидармын. Айнұр бар ма екен?
— Бар, қазір.
Дұрыс үлгіні дәптерге көшіріп жаз.
- XI. Бекіту сұрақтары.
- Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Қандай сыпайы сөздерді үйрендік?
XII. Бағалау.
XIII. Үйге тапсырма.
1 – топ «Аялдамада»
2 – топ «Вокзалда»
3 – топ «Театрда» тақырыбына шағын мәтін жазу