«Бұл әлем қандай тамаша!»
Тақырыбы: «Бұл әлем қандай тамаша!»
Мақсаты: Балалардың бойында адамның жағымды қасиеттері туралы ұғымды қалыптастыру,өз қуанышын бөлісе білуге дағдыландыру.Табиғаттың сұлулығын,әдемілігін көріп,сезіне білуге баулу.Өз елін,жерін сыйлау,мақтаныш ете білуге баулу.Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:
1.Табиғат кестесі.
2.Глобус схемасы.
3.Түрлі-түсті қағаз,желім.
4.Қылқалам.
5.Сергіту сәтінің суреттері,қалпақ.
- «Ақылды қыздар», «Ақылды ұлдар»
7.Түрлі-түсті ленталар.
Сабақ өту құрылымы:
Балалар шеңбермен тұрады.
1-бала:Тақпақ
Балабақша туған үйің секілді,
Балаларға толы іші қашанда.
Бәріміз де-сенде,менде,басқада,
Қалаймыз бір отбасы болуды!
Балалар хормен:
Бар елде,әлемде тыныштық! (қолдарын екі жаққа созады)
Менде,сенде тыныштық! (қолдарын алдыға созады)
Бар елде,әлемде тыныштық! (шапалақ)
Бар елде,әлемде тыныштық! (шапалақ)
Бақшада да туыстық! (бірін-бірі құшақтайды)
2-бала:
Қуанамыз,ойнаймыз,
Сенде,менде біргеміз.
Аясында достықтың
Қайырлы таң деп атаймыз.
Балалар орындыққа отырады.
Тәрбиеші: Балалар,біз,бүгін сендермен «Өзін-өзі тану әлеміне» саяхатқа шығамыз. «Өзін-өзі тану» сөзін біз сендермен сыбырлап,ақырын,буынға бөліп,тез,қатты және әндетіп айтып көрейікші,барлығы естісін.
Айтылуы:
Ақырын: өзін-өзі тану.
Сыбырлап: өзін-өзі тану.
Буынға бөліп: өз-ін-өзі та-ну.
Тез: өзін-өзі тану.
Қатты: өзін-өзі тану.
Әндетіп: өзін-өзі тану.
Тәрбиеші: «өзін-өзі тану» бізге бір-бірімізді жақсы тани білуге, жақсы көруге,достарыңды,туысқандарыңды,Отанды сүюге үйренеміз.Өзін-өзі тану әлеміне саяхатқа «Шұғыла қыз» шақырады.
Шұғыла қыз: Мен сендердің мейірімді,ұқыпты,білімді,бақытты болып өскендеріңді қалаймын.Сендермен «Ақылды қыздар» мен «Ақылды ұлдар» ойынын ойнауға шақырамын.
Ойын: Музыка ойнайды.
Балалар көңілді әнмен шеңбер құрып айналып жүреді. «Тоқта» деген белгі берілгенде балалар тоқтайды.Ал,Шұғыла қыз
«Ақылды қыз» қалпағын қызға, «Ақылды ұл» қалпағын ұлға кигізеді.
Балаларға сұрақ:
1.Біздің Отанымыз қалай аталады?
2.Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
3.Біздің президентіміз қалай аталады?
4.Қай тілде сөйлейміз?
5.Қ.Р.рәміздерін ата.
Тәрбиеші: Балалар сендер кішкентай болғанда,алғаш тілдерің шығып айтқан сөздерің «Ана» ал,жазу жазып әріп танығанда үйренген сөз ол «Отан» деп таныдыңдар. (Балалар Отан сөзін картаға жазады.)
Тәрбиеші: Отан біздің сүйіп өскен жеріміз.
Балалардың тақпағы:
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай,
Бізді өсірер аялап.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Отан- деген атам екен,
Отан-деген туған жер,
Отан-ана,
Отан-үлкен,
Қазақстан- туған ел.
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат,нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Тәрбиеші: Біз Отанымызды мақтан етеміз.Біз сонда туып өскенбіз, табиғаттың әсемдігіне,сұлулығына таңырқаймыз.
Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды.
Тәрбиеші: Табиғат деген қандай мағыны береді?
Табиғат ол аспан,жер,ай,күн,жұлдыздар,бұлттар,таулар,теңіздер,
су,өзендер,жануарлар және өсімдіктер.
Тірі табиғат: өсімдіктер мен жануарлар,олар демалады,өседі,көбейеді.
Өлі табиғат: жер,күн,ай,тас,су,жұлдыздар,ауа жатады.
Шұғыла қыз: Табиғатқа қалай қамқорлық жасау керек?
Балалар: аялау керек,күту керек.
Балалар суретпен шығыды,көрсетеді.
1-бала: Серуенге шыққан кезде құстың ұясын бұзба.
2-бала: Орманға барғанда көбелектер ұстауға болмайды.
3-бала:Ағаштарды кесуге болмайды.
4-бала:Орманға барғанда от жағуға болмайды.
5-бала:Құмырсқаның илеуін бұзба.
6-бала:Суды ластауға болмайды.
Тәрбиеші: «Пантомимо» ойынын ойнайық. Мен сендерге айтып тұрам.Қол қимылымен көрсетесіңдер.
1.Гүлдер ашылды.
2.Аралар бал жинады.
3.Талдар қозғалды.
4.Бұлттың арасынан күн шықты.
5.Шегірткелер секірді.
Тәрбиеші: Ойын ұсынамын.Аты «Мейірімді сөздер» айтамын.
Балалар екі командаға бөлінеді.Бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Бір адым жүріп жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші: Балалар сендерге жылы сөз айтқан ұнайма?
Шұғыла қыз: Балалар менде түрлі-түсті ленталар салынған себет бар.Одан біз кемпірқосақ жасайық.Барлығын лентаның ұштарынан ұстап,достық көпірін көрсетейік.Бірге айтамыз.
Балалар хормен:
Күн сені жақсы көремін,
Күн мен сенен өтінемін.
Бейбітшілік,достық,жылулық,
Бақытпенен мейірімділік.
Шұғыла қыз: Менде тағы бір тапсырма бар. Айтыңдаршы,бейбітшілік құсы қалай аталады?
Жауабы: Көгершін
Балалар: Бейбітшілік құсы. «Біздің әлемде» атты жапсыру тапсырмасын орындаймыз.Жер шарына жасалған тапсырмаларын жапсырамыз. «Гүлдер». Соңында жұмыстарын глобустың жан-жағына жапсырады.
Балалар хормен:
Мир,мир,мир везде,
Мир в тебе и мир во мне.
Мир в нашем доме,
Мир на планете,
Мира желаем и взрослым и детям!
Қорытынды:
Бүгін тамаша күн,біздің көңіл күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізге не сыйладық? Қандай ойын ойнадық?Нені білдік?