Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ!

 

 

Тақырыбы: Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ!


Мақсаты: Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Жеңіске жетудің оңай жолмен келмегенін түсінеді;
  • Ардагерлерді сыйлауға үйренеді;
  • Өзінің еліне қандай пайдасын тигізетінін ойланып, қорытынды шығарады;
  • Жауаперкершілікті сезінуге үйренеді.

Ұйымдастыру

Әнұран орындалады.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ұлы жеңіске 70 жыл!» атты ашық  тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Биылғы жылы Ұлы Отан соғы­сы­ның аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер  бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. Осынау соғыста бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшы­лар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы  белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ ұлтының аза­мат­тары 103 болып отыр. 

  1. Аз емес зар жылаған, егілген жан,
    Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
    Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
    Қирады талай арман көңілге алған
  2. 1945 — тің майында,
    Июнінде,
    Сосын июль айында…
    Білесің бе, замандасым, ей менің
    Елге қайтқан майдангерлер жайында?
  3. Ол жайында мынау туған ел жетік,
    Ал біздер ше?
    Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
    Ей, замандас!
    Түсіреді нені еске
    Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.
  4. Елінен де, өзінен де күй кетіп,
    Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
    Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
    Сол әскери киімдерін сүйретіп.

Олай болса балалар 9 мамыр — Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық.

Видео «Соғыс жылдарында»
Ия балалар бұл жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Сонда соғыс деген не болды?


  1. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып — жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай — ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.
  2. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы — қасірет әкелмеген бірде — бір отбасы болмады… Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды…
  3. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды — жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.
  4. Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі — ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.

Ендеше туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірга тамашалайық.
ФИЛЬМ
Әлияның ерлігі

  1. Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге
    Соғыс елді түсірді — ау ауыр күйге.
    Жұрт күйзелді, төгілді қанша көз жас,
    Түнерді қайғы бұлты талай үйде.
  2. Біріктіріп үміті мен тілеген,
    Біріктіріп барлық күшін жігерін
    Ана үшін, бала үшін, жер үшін
    Жасқанбастан тосты оққа жүрегін
  3. Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,
    Адамзат естімеген бұдан бұрын.
    Талқандап фашистерді азат болған
    Атаймыз жыл сайынғы Жеңіс күнін
  4. Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
    Оларды әсте ұмытпайды халық бұл
    Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді
    Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!
  5. Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,
    Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.
    Бір сәтке сол ерлерді еске алайық
    Жеңіс тойын бүгінде тойлағандар,
  6. Біздер үшін жанын қиған,
    Бас иеміз жандарға
    Атақ — даңқын жеткіземіз,
    Ертеңгі атар таңдарға.
    Құтты болсын апалар
    Ұмытпайды ешқашанда
    Жауынгерді балалар
  7. Жауынгер біздің саңлақтар
    Жауды жеңген солдаттар
    Ардақта Отан — ел үшін
    Бақытты туған жер үшін.
    Нұрәділ: Жау шатырын жықтырып
    Жауға тізе бүктіріп
    Жарқ етті елдің ерлері
    Жеңімпаз өскен ұдайы.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

  1. Ұлы жеңіс
    Шүйінші, халқым, шүйінші!
    Шүйіншіге сүйінші!
    Шаттан, ата — анамыз,
    Шаттан, аға — бабамыз,
    Кек қайтарып фашистен,
    Соғыс бітті жеңіспен,
    Жеңдік жауды күресте
    Жасалсын той – мереке
  2. Мезгілсіз өлген ардагерлер
    Ұлдар айбыны
    Желбіре тулар
    Толықсып тұрса
    Май гүлі
    Қуану керек!
    Қуанукерекдесекте….
    Ұмытуқиынқайғыны
  3. Қайтпаған дауылдан
    Кек алған жауынан
    Халқымның қастерлі
    Жайсаңы Бауыржан
    Қазақтың қамы үшін
    Жүрегі ауырған
    Елінің намысын
    Қорғаған Бауыржан
  4. Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
    Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
    Жеңіс тойын жақындатып әкелген
    Төккен қаны, әке — аға, інінің.
  5. Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
    Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
    Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
    Тыныштығың сол Жеңістен басталған,-
  6. Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
    Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
    Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
    Жайқалып өсімдіктер шешек атты.
  7. Жеңдік жауды, алдық кекті,
    Мөңкіп тулап, басылды апат.
    Мең — зең етіп, жер мен көкті,
    Тынды — ау ақыр бір ғаламат.
  8. Жетпіс жыл– бейбіт көктем таң атқалы,
    Жетпіс жыл – шуақты күн таратты әнін.
    Есімде сонан бері алпыс бес рет
    Ашылды жеңіс күннің парақтары
  9. Жетпіс жыл– үзілмеді құстар әні,
    Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
    Жетпіс жыл– жауымыздың ажал оғы
    Біздің елдің үстімен ұшпағалы

 

Хор: Отан

  1. Ағайын туған бар адам
    Адамдық үшін жаралған
    Бар елге қымбат туыстық
    Баянды болсын тыныштық
  2. Нұр тұнсын қырымыз
    Құлпырсын гүліміз
    Жайқалсын бағымыз
    Жайнасын күніміз
  3. Ақ көгершін қалықтап
    Аспанда ашық самғаған
    Тыныштық болып елімде
    Қанаты оның талмасын.

 

Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 70  жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.
Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата — баба дәстүрін, әдет — ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпенкелмегентәуелсіздігіміздіңтуымәңгілікжелбірептұрсын.