Информатика білгірлері

 

(Танымдық сайыс)

Мақсаты:


Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін тиянақтау, информатика тарихынан білімдерін кеңейту, әр түрлі қызықты сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру;

Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ізденуін,танымдық деңгейін жоғарлату;

Оқушылардың өздігінен оқуға,үйренуге,логикалық ойлауын,ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.

 

Түрі:Сабақтан тыс іс-шара(сайыс сабақ).

 

Дайындық жұмысы:Әр команда өздерін таныстыру үшін атын,төсбелгісін және сәлемдесуін алдын-ала дайындау.


 

Көрнекіліктер:плакаттар,шарлар,үлестірмелі қағаздар.

Плакаттар:Компьютер-бұл ақпаратты іздеуге,жинауға,сақтауға,өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен.

Роботтай адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене?

Сайыс бөлімдері:

I.Ұйымдастыру

II.Сайыс кезеңдері

1.Таныстыру

2.Ақпарат  арнасы

3.Сен білесің бе?

4.Кім жылдам?

5.Ақпаратты қабылдау.

6.Ойлан,тап!

  1. «Жұмбақтас»

8.Ғажайып қаламсап.

III.Қорытындылау.

Мұғалім:Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт,баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар.Сіздермен бірлесе отырып біз бүгін «Информатика білгірлері» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер қазылар алқасымен таныстырайын.

Әділ қазым берсін әділ баға,

Өнері мен өренін салыстырып,

Төрағасы ,төбе билер,жюрилер.

Әділетпен кеңес құра біліңдер.

Мұғалім:Бүгінгі сайысқа 3 команда қатысады.Сайысымыз 7-кезеңнен тұрады.Команда мүшелеріне ескерту:егерде кімде-кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе,мынадай үшбұрыш беріледі.Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.

1.Командалардың таныстыруы (10 ұпай)

Команда капитандары шар үрлейді.Кімнің шары бірінші жарылса сол команда сайысты бірінші бастайды.

Демеймін жаман сөздері,

Түбі бүгін өзгерді.

Бағыңды сынап сайыста,

Көрінетін кез келді,-дей отырып кезекті таныстыруға береміз.

1-команда: «Интернет»

2-команда: «Компьютер»

3-команда: «Процессор»

  1. «Ақпарат арнасы».

Әр командадан 1 оқушыдан ортаға шығады және олардың әрқайсысына әріптер беріледі.Мен сұрақ қойғанда осы әріптерден

басталатын жауапты жылдам айтуы керек.Оған 3 минут уақыт беріледі.Қанша сұраққа жауап берсеңдер сонша ұпай аласыңдар.

 

Сұрақтар:

1)Интернет не үшін керек?Б,А,Т

2)Компьютер қашан пайда болды?Ж,А,Ә

3)Компьютер бағасы қанша?А,Ж,Ә

4)Тышқансыз жұмыс істей аласың ба?Ә,А,Ж

5)Компьютер немен ауырады?Б,Т,А

6)Кактусты компьютердің жанына не үшін қояды?А,Ә,Ж

7)Компьютер пайдалы ма?Ә,Ж,А

8)Қандай ақпарат түрлерін білесің?Б,А,Т

9)Интернет клубқа кіммен бардың?Ә,А,Ж

10)Осы сайысқа кімдерді шақырдың?Б,А,Т

11)Пернетақтаның пернелерін немен басасың?Б,Т,А

12)Информатика пәнінен нешемен оқисың?Б,Т,А

13)Принтердің бояуы бітсе не істейсің?Б,Т,А

14)Агент не үшін қажет?Ә,Ж,А

3.«Сен білесің бе?»

«Білекке сенген заманда-ешкімге есе бермейік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік» -деген Абылайханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік.

Экранда 8 ұяшықта жасырын түрде сұрақтар болады.Әр команда кезекпен кезек ұяшықтарды таңдайды.Осы сұрақтарға жауап беру керек.Әр сұраққа 1 минут уақыт беріледі.

Оң жақтағы-5.Вирустың кері әсерін жоятын программа.(антивирус)

Ортадағы-5. «Музыкалық тосын жағдай»

Сол жақтағы-5.Ерте замандағы есептеу құралы(есепшот).

Оң жақтағы-10.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?(интерфейс)

Ортадағы-10.19 жасында әлемді таң қалдырған ғалым кім?(Блез Паскаль)

Сол жақтағы-10.Калькулятор бұрын қалай аталған?

(арифмометр)

Оң жақтағы-15.Компьютердің атасы кім?(Чарльз Бэббидж)

Ортадағы-15.Бірінші ЭЕМ қай жылы,қай жерде жасалынды?(1946 жылы АҚШ-тың Пенсильвани университеті.)

Сол жақтағы-15.Программалау тілінде жазылатын алгоритм.(программа)

Оң жақтағы-20.Ең алғашқы программа жазған адам.(Ада Лавлейс)

Ортадағы-20.Компьютердің қай құрылғысы адамның ойлау қабілетін модельдейді(процессор).

Сол жақтағы-20.Есте сақтау құрылғысы(винчестер).

 

4.«Кім жылдам?».

Тартысайық сайыста күш жігермен,

Тартысайық қимас біз дос көңілмен-дей отырып сайысымыздың 4-ші кезеңін бастаймыз.

Сайыстың шарты:команда капитандары ортаға шығып,жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы командаға түсіндіреді,қарсы команда мүшелері тез жауап берулері керек.Команда қанша сұраққа жауап берсе,сонша ұпай алады.

Жасырылатын сөздер:

1)Пернетақта                   7)Микрофон

2)Принтер                           8)Кактус

3)Курсор                           9)саусақтар

4)Вирус                              10)Интернет

5)Компьютер                    11)плоттер

6)Тышқан                         12)Бит

  1. «Ақпаратты қабылдау».

Әр топтан ортаға бір оқушыдан шығады.Олардың көздерін байлаймыз және қолдарына формасы әр түрлі бұйымдар мен заттарды ұстатамыз.Қандай зат екенін сипап сезу,дәм сезу мүшелері арқылы анықтап,айтып берулері қажет.

  1. «Ойлан,тап!»

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма,

Мәреге таяп қалды бұл жарыста-демекші сайысты бастайық.Сайыстың шарты:сөз беріледі,осы сөзден әрбір команда сөз құрау керек.5 минут уақыт беріледі.

Программаланғандықтан

  1. «Жұмбақтас»

Оқушыларға анаграмма беріледі.

  1. «Ғажайып қаламсап»

Оқушылар осы өтілген сайыстан түйгендерінен 4 жол өлең шығарып жазады.

 

III.Қорытындылау.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.Жеңімпаз команданы марапаттау.Сонымен біз бүгін информатика пәні бойынша «Информатика білгірлері»сайысында ең жақсы ойын көрсеткен командаға және ойынды жақсы бағалап отырған әділ-қазылар алқасына алғыс айтамыз.

Кездескенше күн нұрлы болсын!